Энергия және жұмыс. Энергияның сақталу заңы. 10 класс
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Китанов Аскар Серикбаевич
|
10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Энергия және жұмыс.Энергияның сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: энергия ұғымын физикалық шама ретінде, энергияның сақталу заңын түсіндіру. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білу біліктілігін, ойлау қабылеттілігін арттыру.
Тәрбиелік: энергия туралы таныстыру, көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
а) Есептер шығару.
V. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылығын ояту.
1 тірек – сызба.
Энергия ұғымын физикалық шама ретінде талдау.
Еk - қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар.
1. Еk жылдамдыққа тәуелді.
2. Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.
А=∆Eκ; A=Eκ₂ −Eκ₁; A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2
Еn - күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі
1. Еn дене координаталарына тәуелді.
2. Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа тең
А=∆En; A=-(En₂ − En₁)=-(mgh₂- mgh₁) немесе
A=-(En₂ − En₁)=-(kx ₂²⁄2 - kx ₁²⁄2 )
Механикалық жұмыс – энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді. А= Еk немесе А= Еn
Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергиясы болады. Мысалы: ЖЖС (жердің жасанды серігінің) кинетикалық энергиясы бар, өйткені ол қозғалып жүр. Ал «ЖЖС-жер» жүйесінің потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар бүкіл әлемдік тартылыс күші арқылы өзара әрекеттеседі. Сол сияқты соқтығысқан шарлардың
кинетикалық әрі потенциалдық энергиялары болады. себебі олар қозғалыста және серпімді деформацияланған.
Өзара әрекеттесетін денелер жүйесінің Еk және Еn қосындысы Еm береді.
Еm=Еk+Еn
Үйтапсырмасы: §15,16. 14 жаттығу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 50 Kb |
Количество скачиваний: | 85 |