Ерлігің естен кетпес - Ұлы тұлға!

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ерлігің естен кетпес - Ұлы тұлға!

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай - ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Мыңтаев Спатай Мыңтайұлы еді.

Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.

«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс.

Соғыс уақытында әкемде - Эстония, Вилнос,Варониж қалаларында болып, соғысын Ригада аятаған. Әкем соғыс уақытында Зенитный установкийда командир отделение болған. Литовский обылысы, Каунос қаласынан 1947 жылы елге оралады. Әкемнің осы ерлігін мақтан тұтамын! Соғыстан келгеннен соң, ел басқарып, тыл жерлерді игеріп, халқына адал қызмет етті. Жалғыз соғыс ардагері ғана емес, сонымен қатар Мырзашөл тыңын игеріп, ел алдында атқарған еңбектері үшін Ленин, Еңбек қызыл ту және тағы да басқа орден-медальдармен марапатталған.

Соғыс жылдарынан кейін бейнеті мен зейнеті мол ауыр шаруашылық саласында басшы лауазымдарың барлығында үлкенге құрмет - ізет, кішіге қамқор көрсетуден танбайтын адамдық қасиеті мол тұлға бола білген азамат.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған қаһармандарымыздың бірі де, бірегейі - Спатай Мыңтайұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.

Жеңіс келді,Алтын күн елжіреді,
Қуаныштан жарылды ел жүрегі.
Әр батырдың есімі биіктерде,
Жеңіс туы секілді желбіреді...-деген өлең жолдарымен жеңістің құндылығын білдіргім келеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.34 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 142

Похожие материалы