Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мақсаты: Тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге    эстетикалық ләззатберу. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі,көркем-эстетикалык.әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осыекі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегішінің  басты міндеті  сюжеттін барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.

                                       Кіріспе

             Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан ертегілер арқылы бастауыш мектеп   оқушыларының     тілін ,шығармашылық қабілетін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе    екендігіне ешқандай күмән жоқ.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.42 Mb
Количество скачиваний: 52
Просмотров: 247

Похожие материалы