Ертеңгілік "Мерекеңмен Анашым" (Шағын орталық тобы)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп  жүреді

Көп ертегі біледі

Маған        айтып береді

Олжас

Сенен өскен  балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз  мейраммен

Құрметті  жан аналар.

Ержігіт:

Немересін жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа  барса ұмытпай

Кәмпит әкеп береді.

Әуен естіледі  залға қызыл келпек  кіреді.

Қ. Телпек: Сәлеметсіңдер ме балақайлар және де сұлу апайлар! Көктем мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметпісің сұлу қыз!

Кімсің сен? Қайдан келесің?

 Қ. Телпек: Мен, Қызыл Телпекпін!

Жүргізуші: Ендеше, Қызыл Телпек, сені де мерекеңмен құттықтаймыз.

Мына әдемі гүлдерді қайдан теріп алдың?

Қ. Телпек: Мен орманға барып, әжемді 8 наурыз мерекесімен құттықтап келе жатырмын. Гүлдерді сол орманнан теріп алдым.

Жүргізуші: Біздің балалар осы мерекені көптен күтті. Әжелеріне, аналарына арнап көптеген сыйлықтар дайындап қойды. Олар: көңілді әндер, билер, ойындар. Ендеше біздің балалардың аналарына арнаған әнін тыңда.

Ән: «Апатайым анашым»

Балалар ана туралы тақпақ айтады.

Нұрсұлтан:

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам

Қасында жүрсем биікпін

Алыстасан сағынам.

Нұрбақыт:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп  жүреді

Көп ертегі біледі

Маған     айтып береді.

Зейнеп:

Мен анамды  сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Қуантсам  деп келемін.

Сәт:

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымы  сыйлаймын.

Құшағына  кіргенде

Жылынамын  бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Қ. Телпек: Жарайсыңдар балалар, аналарыңды қуантып қалдыңдар. Ормандағы аңдар бұл мерекені білмейді екен,аналарын құттықтамайды екен. Балалар менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Қ. Телпек: Ой, жарайсыңдар балалар!  Ал, мен кетуім керек. Мені анам үйде күтіп отыр, маған жылдам барып кел деп еді. Сау болыңдар! ( Қ. Телпек шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар,менің сендерге бір ұсынысым бар. Орманға барып аңдарға аналар мерекесін айтып келейік, олар да аналарын құттықтап қуантсын. Қане, бәріміз адасып кетпеу үшін қолұстасып орманға барайық.

Әуен ойналып балалар орманға кетеді.

Құстардың дауыстары естілгенде орындарына отырады.

Жүргізуші: Орман қандай тамаша! Құстар ән салып жатыр! Балалар, естідіңдер ме мында біреу келе жатқан сиқты.

Қолына себет ұстап Қоян келеді.

Қоян: Мында кімдер жүр? Балалар? Сәлеметсіздер ме!

 

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Қоян! Көктем мерекесі құтты болсын!

Қоян: Қандай мереке көктемде?

 

Жүргізуші: Көктемде мереке көп. Алкашқы көктем мерекесі 8-

Наурыз -  Аналар күні. Біз сол мерекені тойлап

жатырмыз. Қане балалар, Қоянға биімізді көрсетейікші

Би:

Қоян: Қандай тамаша би. Мен мұндай биді бірінші рет көруім.

Жүргізуші: Ия біздің балалар өте өнерлі. Балаларымыз әнді де жақсы айтады.

Ән: Әжетайым

Жүргізуші: Қоян, сен әже туралы тақпақ білесің бе?

Қоян: Жоооқ, мен ондай тақпақ білмеймін.

 арнап тақпақ айтып берейік.

Балалар әже туралы тақпақ айтады.

Әділет:

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып  береді

Барған  сайын  бір  жақтан

Кәмпит әкеп береді

Әжем менің өйткені

Өте  жақсы көреді.

Балым:

Тентек  болсам ашынып

Жақсы іс қылсам асырып

Маған  сақтап жүреді

Тәттініде  жасырып

Тосып  дәмді дәмдерін

Ол бар  жерде бал жедім

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін әндерін.

Зейнеп:

Өзің мені қсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек  болсам кешірген

Балдай тәтті  бал әжем.

Жүргізуші: Мейірімді әжеміз

Оларға біз балдаймыз

Ендігі ән кезегін

Әжемізге арнаймыз!

Ән: « Әжетайым»

Қоян: ЖарайсыңдаЕндеше, мен кетейін, орманнан гүлдер теріп алып,  анамды, әжемді мерекелерімен құттықтайын  балалар, мен өте риза болдым сендерге. Сендерден көп нәрсе үйрендім.

Рахмет сендерге. Сау болыңдар! (Қоян шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, бір дыбыс естіле ме? Бізге тағы біреу келе жатқан сияқты.

Әуенмен залға қолына ойыншық ұстап Аю келеді.

Аю: Кімдер мында шулап жатқан? Балалар?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Аю? Көктем мерекесі құтты болсын!

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар? Қандай мерекені айтасыз?

Жүргізуші: 8 -Наурыз қымбатты Аналарымыздың мерекесі.

Аю: Біз ондай мерекені білмейміз.

Жүргізуші: Біз,  аңдарға осы мерекені айту үшін орманға келдік.

Аю: Ендеше, көктем мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық тілеймін бәріңе! Менің мына қонжығым қолын ауыртып алды,көңіл күйі жоқ,  көңілін бір көтерейікші.

Жүргізуші: Жарайды Аю,біздің балаларымыз  ән айтып берсін.

Ән:

Аю: Рахмет, балалар! Қонжығымның көңілі көтеріліп, мәз болды. 

Жүргізуші: Балалар, енді ойын ойнап Аюдың қонжығының көңілін көтерейік тағы.( Балалар ортаға шығып ойын ойнайды)

Ойын:Қуыршақтарға қонаққа.

Аю: Балалар, көп рахмет сендерге! Сендерден көп нәрсе үйрендім, үйге барып әжеммен анамды мерекелерімен құттықтайын. Біздің орманға жиі келіп тұрыңдар. Қош, сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау бол Аю! Балалар, біздің де балабақшамызға кететін уақытымыз болды. Орманда жаңбыр жауып кетпес бұрын кетейік.

Жүргізуші:Балалар аналарына әжелеріне арнап кім тақпақ айтады.

Рустем:

Немересін  жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа  барса ұмытпай

Кәмпит әкеп  береді.

Берік:

Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн  мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен.

Мирас.

Еркеш:

Ұзақ өмір сүріңіз

Айналайын анашым

Алдымызда жүріңіз.

Ертегі :үйшік

 

 

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында.

Лайым мұң қонбасын жанарың

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық.

 Гүл бітсін бәріміздің қадамыңызға. –

деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тағы да мейрамдарың құтты болсын!

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 45 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 193

Похожие материалы