«Ертегіні сахналау»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
                Өзінің көрерменімен  әрбір жаңа жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңарғандай болады және ешнәрсемен теңдесі жоқ бірге күйзелу сезімін сыйлайды. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар, ойын – қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен – дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады.      Бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен кішігірім әндерді, тақпақтарды, жұбату өлеңдерін, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан да әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше жүргізіледі.     Балалар беске қараған жасында, театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшеліктерді енгізуге белсенді ұмтылады. Мектепке дейінгі ересектер жасында балаларды көркемдік – бейнелік айшықтықтың амалдарына арнайы үйрету мүмкіндігі туады. Қарапайым шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді ойнау арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман қасиеттерді қайталамауға тырысады.     Балалардың көрген театрдың өзінен, сондай – ақ өздері қойған сахналық қойылымдар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, көрініс туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Осының барлығы баланың сөйлеу қабілетінің дамуына, анық сөйлеуіне, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуге себебін тигізеді.     Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін, диалогтарын жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамып, сөз байлықтары молайып отырады. Ал қуыршақ театрында кейіпкерлердің рөлдерін қуыршақтар ойнайды.       Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту  неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тіпті сәбилер тобынан бастап – ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналық қойылымдарды қолдана берген жөн.       Балалар ой-өрісінің кеңеюіне байланысты сахналық ойындар күрделене түсуі тиіс. -         Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады. -         Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлерінің сөздері балаларға ұсынылады. -         Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. -         Төртінші кезеңде рөлдерге бөліп, ертегіні ертеңгіліктерде, театрлық ойындар іс - әрекетінде ойнап көрсетеді. Соның айғағы ретінде біздің балабақшадағы қолданылған сахналық қойылымдардан, ертегіні сахналаудан үзінді ұсынамын. Сондай – ақ, ғалымдар сахна іс – әрекетінің тиімділігі көбінесе балалардың бейнелеу шығармашылығы оқу іс – әрекетінің  кешенді болуына байланысты екендігін айқындайды. Сәндік безендіру шығармашылығы үрдісінде балалар ойлану, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады, мұның барлығы орындалатын бейнелердің мәнді болуына қолайлы әсер етеді.                                
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.55 Mb
Количество скачиваний: 207
Просмотров: 604

Похожие материалы