ЕРІТІНДІЛЕР. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ. САБАҚ ЖОСПАРЫ
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Буркитбаева Гулжан Буркитбаева
|
Электролиттік диссоциация теориясы - Өткен тақырыптар бойынша қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.
Ионды және ковалентті байланысты қосылыстардың ерекшеліктері олардың судағы ерітінділерінің қасиеттерінде де байқалады. Осы ерекшеліктерді бақылау үшін электрөткізгіштікті зерттейтін құралды пайдалануға болады.[1]
жанғандығы, ал қант ерітіндісі құйылғанда, шамның жанбағандығы байқалады.
Енді осы екі қосылыстың айырмышылығы неде? Әрине, олардағы химиялық байланыстардың табиғатында. Қант молекуласында атомдар арасындағы байланыстар полюссіз, ал ас тұзындағы байланыс - ионды. Әрі қарай зертханада бар сілті, бейорганикалық қышқыл ерітінділерімен осы тәжірибені қайталағанда электр шамының жарқырап жануын, ал органикалық сірке қышқылының ерітіндісінде шамның нашар жануын байқаймыз.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 2.2 Mb |
Количество скачиваний: | 15 |