«Еңселі ердің ертеңі»
Предмет:
|
Классному руководителю
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Козбекова Нурбибі Тузелбаевна
|
Здесь была ссылка на работу «Еңселі ердің ертеңі» автора Козбекова Нурбибі Тузелбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы:«Еңселі елдің- ертеңі» Мақсаты:Ел болашағына болжаммен қарап,келешекке көз жүгірте отырып жас буынды адамгершілікке,ұлтжандылыққа, Отанды,ата-ананы қастерлеуге, табиғатты аялап, әлемдегі бар сұлулықты бойларына сіңіре білуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, жауапкершілікті сезініп, білім, ғылым жолында еңбектене білуге,салауатты өмір салтын сақтай отырып,өз ойларын еркін жеткізіп, ана тілімізді құрметтеп,ұжымда ұйымшылдық танытып,сыйластықты бойларына сіңірген,білімді,білікті ұрпақты тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өлең шумақтары,мақал-мәтелдер айту,пікірталас,ән,би. Көрнекіліктер:тақырып,слайд,суреттер. Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі; Құрметті оқушылар!Осынау ұлан-байтақ жерімізді ата-бабаларымыз найзаның ұшымен,білектің күшімен,«Аруақ!» -деп атқа қонып,маңдай терімен,қасық қаны қалғанша, қарайып қара жерге тамғанша,елімізге,жерімізге көз жүгіртіп,қол сұққан жауларымызбен арпалысып, міне біздердің егемен ел атануымызға үлкен үмітпен қарап, тұғырлы ел болуымызды армандап, тәуелсіздігімізді алып беріп,тыныш, бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндіктер бере отырып, осы жерімізді,Отанымызды біздерге аманат етіп қалдырып кеткенін ұмытпайық.Ертеңімізді тарихымызбен ұштастырып,өзімізге берілген аманатты келешек ұрпаққа «Аманат»-деп тапсырайық.Ендеше тәрбие сағатын бастауларыңызға рұқсат!(хормен: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады) Жүргізуші: Сәлеметсіздерме,құрметті көрермендер,ата-аналар,ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Еңселі елдің-ертеңі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! «Мен 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.»-деп Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2030 «стратегиялық жолдауында болашақты болжай отырып, Қазақстан халқының мәртебесін асқақтатуды көздеген.Алайда бұл үшін бәріміз бір үйдің баласындай, бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан,Отанымыз бір - ел болуымыз керек. Отан! «Отан-отбасынан басталады»-деп бекер айтылмаған.Әке-асқар тау, Ана-қайнар бұлақ болса,Баланы жағасындағы құраққа теңеген. Ірге тасы берік қаланып, түтіні түзу шыққан отбасының тәрбиесі де берік, әрі түзу болатынын жасырмайық. «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген- тон пішер»-деп ұлдарын ұсталыққа, қыздарын шеберлікке баулыған. Соның ішінде «қызға қырық үйден тыйым»-деп қыз тәрбиесіне де қатаң мән берген. Сонымен бірге «Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе - жердің көркі»-деп қызды табиғаттың сұлу бейнесіне теңеп, ал табиғатты қызды қалай аяласа,табиғатты да солай аялау керектігін ескерген. Ал, ақын-жазушыларымыз табиғатты да, Отанды да,Ата-ананыда,қылықты қыздармызды да өз жырларына қосқан. Ендеше жұректен жыр төккен, ақындықты ту еткен жастарымызға кезек берейік.Жүргізуші: Құрметті көрермендер және оқушылар, осы жерде маған бір ой келіп тұр: Біз еңселі елдің ертеңі жарқын болу үшін аянбай еңбек етіп, оқу білімге құмар, жан-жақты боуымыз керек. Алайда, бұның бәріне біздің күш-қуатымыз мықты болу керек ол үшін, әрине, денсаулық керек. Сіздерге сұрақ : Денсаулығымызды қалай жақсартамыз? 1-оқушы: Мен, денсаулық мықты болу үшін жастарды спортпен айналысуға, және бұны үнемі арасын үзбей әдетке айналдыруға шақырар едім. Спортпен айналысу тек бұлшық еттердің шымыр болуын ғана емес, жүрек, қан-тамыр жүйелерінің жұмыстарын жақсартатынында білсе деймін 2-оқушы: Мен, жастарымыздың салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс уақытылы тамақтанып, уақытылы ұйықтап, миды бір мезгіл демалтып, серуенге шығып тұруын және осы айтылғандарды әдетке айналдырса деймін 3-оқушы. Мен,жалпы жастарды жаңағы айтқан екі оқушының сөздеріне қосыла отырып,сонымен бірге арақ-шарап,темекіден, есірткіден аулақ болып,жан және тән тазалығын сақтаса деймін. Жүргізуші: Қалай ойлайсыздар, қазаіргі жастарымыз салауатты өмір салтын сақтап жүр деп айта аласыздар ма? Әлде бұнымен келіспейсіздер ме? Ән: «Елім менің» Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында:«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек » деген болатын. Ендеше,оқушылар, білімдеріңізді одан әрі пысықтап, жетілдірулеріңіз үшін аянбай еңбек етулеріңіз қажет. Тіл,сөз,еңбек,білім туралы кім қандай мақал-мәтелдер біледі? 1-оқушы: «Бүгінгі таңдағы ана тілінің жағдайы» Жүргізуші: Оқушылар,бүгінгі «Еңселі елдің ертеңі«атты ашық тәрбие сағатынан не ұқтыңыздар, нені өздеріңізге қажет, нені қажет емес деп санадыңыздар, біз еңселі елдің ертеңі жарқын болуы үшін қандай әрекеттерге жақын,қандай әрекеттерден аулақ болуымыз керек.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ: «Бүгінгі тәрбие сағатынан не түйдіңіздер?» Жүргізуші: Мен жігіт 15-30 арасында, Бұл шақта көп бересі, аласымда. Жан жағым толған мақсат, толған таңдау, Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров. Қош сау болыңыздар!
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
23.77 Kb
|
Количество скачиваний:
|
30
|
Просмотров: 290
Похожие материалы