Есімдіктен өткенді қайталау 7 сынып

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты. а) Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ:ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру. б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математикаорыс тілі,ағылшыннеміс тілі,биология.

Сабақтың көрнекілігі. Есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер,ашық формалы тест,сөзжұмбақ,бейнефильм,компьютер,бағалау парақшалары,т.б.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, ә) түгелдеу;б) сыныпты сабаққа даярлау.

(Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын таратамын)

2. Үй тапсырмасын тексеру

а) Қызығушылығын ояту

Математикалық ойын «Ғажайып алаң»

Таңбаларды әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып,төмендегі үшаяқтардағы жасырын сөзді табайық.

Е/33

С/11

1/25

М/9

Д/51

І/37

К/2


І топІІ топІІІ топ

11,5+(-2,5) =9-12,5х(-2) =25-10,2+2,2=2

20,2 х 2 +(-3,4) =37-153 : (-3) =51-44 х (-2) : 8 = 11

Жеңіпазға:

99 : (-9) х (-3) = 33

ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»

1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)

3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен,сен)

4.Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)

5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері)

Жаңа сабақ.

а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық»

Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса,есімдіктердің түрлері де сонша.Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.шақпаққа мынаны жазсаңыздар,ерекше тордағы сөзді оқисыздар.

  1. Сілтеу есімдігі
  2. Сұрау есімдігі
  3. Өздік есімдігі (І жақ,көпше түрі,тәуелденіп тұр)
  4. Белгісіздік есімдігі
  5. Жалпылау есімдігі(ережесін бірден сұрап отырамын)ә) Сатылай кешенді талдау.Бұл жерде ешкім сырмды білмейді.Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.БұлЕшкімБүкіл негізгінегізгінегізгідаракүрделідараесімдікесімдікесімдіксілтеуболымсыздықжалпылаусұрағы : қайсұрағы : кімсұрағы : қайанықтауышбастауышанықтауышб) Мәтінмен жұмыс.(Акула жайлы бейнефильм қойылады)116-жаттығу. Акула.Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына,сұрағына,тұлғасына қарай жазбаша талдатамын.в) Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс,ағылшын,неміс тілдеріне аудару керек)І топТарих қана,халық қана туатынАлыптардың арқа тұтпас кім атын?Ұлы арманын жырлау үшін қазаққаКерек болды Абай сынды ұлы ақын!ІІ топӨзіңе сен,өзіңді алып шығар,Еңбегің мен ақылың екі жақтап.ІІІ топӘркімді адам сүйремек,Заманды қай жан билемек?Заманға жаман күйлемек,Заманы оны илемек.Бекітуа) Көру диктанты. (Жатқа жазып,есімдіктерді талдау)Басқа жұрт балалары оқу қуған,Біліммен өз жұртының бетін жуған.Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдайАдамзат жер жүзіне не үшін туған?!ә) Тест (компьютер арқылы көрсетіледі)Ашық формалы тест.Нұсқау: толықтырыңдар1.Үлкенді сен сыйласаң,2.Жаманның ... (өзі) бола алмайды,3.Балапан ұяда ... (не) көрсе,Кіші . . . (сені) сыйлайды.Болғанды көре алмайды.Ұшқанда соны іледі.4.Не ексең, ... (соны) орасың.5.Біреу тойып секіреді,... (Біреу) тоңып секіреді.Қорытындыа) Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз) - Екі көз не үшін керек? - Жақсыларды көру үшін. - Екі қолың не үшін керек? - Елге көмек беру үшін. - Құлақ деген не үшін керек? - Ақыл-кеңес тыңдау үшін. - Тіл мен жағың не үшін керек? - Ақиқатты айту үшін. - Ал аяғың ше? - Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін. - Ал, есімдік не үшін қажет? - Ия,туған жерге жету шін екі аяғың қандай қажет болса,қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор.Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.ә) Кластер немесе топтастыру әдісіСонымен,есімдік жайлы білдік? б) Бағалау (бағалау парақшаларын жинап аламын)Үйге тапсырмаІ топІІ топІІІ топ Ой толғауСыр толғауЖыр толғау«Достық – татулық белгісі»«Ауылым – алтын бесігім»«Ұрпағы ардақ тұтып,бас иеді рухына»(Шағын шығарма,өлең,ой толғау жазу. Есімдіктерді тауып,талдап келіңіздер).в) Менің алған әсерім.(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді.Соңынан жинап аламын)
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.18 Mb
Количество скачиваний: 57
Просмотров: 230

Похожие материалы