Эссе " Жеті модуль туралы ойларым"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазақстан әлемдік  білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізу  еліміздегі білім беру жүйесіне  жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі  болып саналады. Оқушыларға сапалы білім беру мәселесі өмір  талабынан туындайтын, білім беру саласындағы өзекті проблемалардың бірі. Жас ұрпаққа дүниені танытып, білімді де білікті тұлға қалыптастыру әр мұғалімнің парызы.

 

Сондықтан да мен бұл Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебімен  дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалында біліктілігін арттыру мақсатында мектептегі  тәжірибемнің үшінші деңгейлік кезеңінде алған білімімді өзімнің іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу мақсатында  осы бағдарламада берілген жеті модульдің  «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» жүйесін жүзеге асыру бағытында таңдап алдым. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер теориялық тұрғыдан дәлелденіп, іс жүзінде жақсы нәтижелер көрсетуге бағытталған.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44.5 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 148

Похожие материалы