Файлдар ,бумалар және белгішелер.Бумалар мен белгішелерді құру.Атын өзгерту.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жангалиева Асылгуль Хайрлиевна
|
Пән аты:Информатика Сыныбы: 5 «А» Сабақтың тақырыбы:Файлдар,бумалар және белгішелер.Бумалар мен белгішелерді құру.Атын өзгерту. Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру. Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер,сұрақтар. Оқыту формалары:жеке, топтық және ұжымдық. Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру кезеңі б) сабақ сұрау в) бағалау г) жаңа сабақ д) бекіту е) үйге тапсырма ж) қорытынды Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа бума құру қиын емес.Өздерің таңдаған жерде жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті.Жаңа бума деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады.Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын өзгертіп,Enter пернесін басу ғана қалады.Жаңа бума бос болады.Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруларыңа болады.Жаңа буманы құру бұйрығы экранның кез-келген бос жерінде шақырылатын контекстік мәзірдің ішінде де бар. Нысандарды іздеу-ізделетін нысан орналасқан буманы ашып,нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек.Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді.Сонымен,буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Файлдар мен бумалар Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабыңызды жоғалтып, оны еш жерден таба алмадыңыз. Бірақ сіз оны ата-анаңыздан сұрауыңызға болады, мүмкін анаңыз оны басқа жерге қойған шығар. Сол сияқты компьютерде де қандай да бір файлды жоғалтып алуға болады, бірақ компьютер оны қайда қойғанын айта алмайды. Бұл жағдайда көмекке Іздеу (Пойск) немесе Табу (Найти) командалары келеді. Іздеу командасы компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алады. Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек. Команданы шақыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет. 1. Жіберу батырмасына шертіңіз 2. Табу пунктін таңдаңыз 3. Файлдар және бумалар пунктін таңдаңыз 4. Файлдар және бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз 5. Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады; 6. Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа обьекті таңдауға болады. 7. Табу батырмасына шертіңіз. IV. Сабақты бекіту. 1. Іздеу командасы не үшін қолданылады? 2. Қандай белгілер бойынша Іздеу командасы арқылы обьектіні табуға болады? Үйге тапсырма: Файлдар мен бумалар Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.41 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |