"Физика пәнінің білгірлері" физикалық кеш 8-11сынып
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Маулешева Гулия Айтжановна
|
Кеш тақырыбы: “Физика пәнінің білгірлері”
Мақсаты:Оқушылардың теориялық білімдерін зерделеу, өмірде қолдана білуіне дағдыландыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Мұғалім: Қанекей балалар! Дыбыстық хабарламаға назар аударайық!
Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика дүние кілті бүгінде.
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басып озған.
Жалынды патриот, батыр ғалым.
Ғасырлар түкпірінен басып озған.
Физика - табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.
Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
І – жүргізуші : Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Бүгінгі біздің “Физика пәнінің білгірлері” атты кешімізге Қош келдіңіздер!
ІІ – жүргізуші: Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын.
І – жүргізуші : Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс – жаздар.
ІІ – жүргізуші : Құрметке ие үлкендер,
Алда жүзген желкендер.
І – жүргізуші : Ізетке ие інілер,
Інілер еті тірілер.
ІІ – жүргізуші : Кешке келген сайланып.
Отырам деп жайланып.
І – жүргізуші : Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып.
ІІ – жүргізуші : Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық.
Екеуіміз асып – саспайық.
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Кеште өздеріне арналған
Топтар шықсын қасқайып.
І – жүргізуші : Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсаты.
Әр қашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты
– «Жұлдыздар» тобын қарсы алыңыздар! Қол шапалақтап, қошемет көрсетейік!
Топ мүшелері:
ІІ – жүргізуші : Оқу менен білімге,
Зейін қойған әріден.
Физик, тілші, дәрігер,
Табылады бәрінен.
- «Планеталар» тобын қарсы алыңыздар. Қанекей, қошемет көрсетейік!
Топ мүшелері:
Іжүргізуші:Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер Әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады
ІІжүргізуші: Армысыздар, қымбатты төрешідер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
І – жүргізуші : Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар
І. «Білім минуты» сұрақ-жауап сайысы
ІІ. «Формулалар сыры» кестемен жұмыс
ІІІ. «Ойлан, тап!» физика заңдарын жатқа айту
ІV. «Кім жүйрік?» тұрақтыларды сәйкестендіру.
V. «Кім алғыр!» «Пантомимо» – құбылысты көрсету.
VІ. «Ән және заң» әннің физикалық мағынасын ашу.
VІІ.«Шешендік өнер» пікір сайыс
ІІ жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
ІІ жүргізуші: Ал енді сайысқа қатысушылар! Алғашқы «Білім минуты» сұрақ-жауап сайысын бастаймыз
Әр екі командаға 10 сұрақтан беріледі, сұрақ оқылғаннан кейін өз жауабын дұрыс деп білген команда алдындағы жалаушаны көтеріп, жауап беруге рұқсат алады. Әр команданың тек 1 рет жауап беруге құқылы. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда, сол топтың жанкүйерлеріне жауап беруге болады. Әрбір сұраққа 30 сек, 5 балл
«Жұлдыздар» тобына сұрақтар
1.«Физика» гректің қандай сөзінен алынған, мағынасы. (фюзис-табиғат)
2. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)
3. Дүниенің бірінші ұстазы кім?(Аристотель)
4. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?(диффузия)
5. И.Ньютонның тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
6. Атмосфералық қысымды немен өлшейді?(барометр)
7. Жұмыстың өлшем бірлігі? (Дж)
8. Балқу температурасы жоғары металл (Вольфрам)
9. Жаңғырық қайдан пайда болады? (дыбыстың шағылуынан)
10. Автобус кілт тоқтағанда қандай қозғалысқа түсесің? Неге? (еңкейеміз, инерция құбылысына байланысты)
Планеталар тобына сұрақтар:
1. Температураны өлшейтін құрал (Термометр)
2. Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі (қатты)
3. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі қалай аталады? (Конвекция)
4. Сіздің аяқ киіміңіз су, оны қалай тез кептіресіз? Физиканың қай құбылысына мысал келтіріп тұр. (кебу,диффузия)
5. Табиғи жарық көзіне не жатады? (Күн)
6. Қатты денелердің кебуі сұйықтардың булануына ұқсас. Қатты денелердің кебуін қалай атаймыз? (Сублимация)
7.Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымды немен өлшейді? (манометр)
8. Ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшек (Протон)
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)
10.Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар (Электрондар)
І жүргізуші:Шамаларды білеміз бе тұрақты
Түсіндіріңдер физикалық сұрақты.
О, формула фантастика секілді
Білесің бе қызықтарды не түрлі?
ІІ жүргізуші:
Заңдылыққа физикалық сеніңдер
Салыстырып барлығын де көріңдер
Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,
Ойларыңды ептілікке ораңдар,
І жүргізуші: Келесі айналым: «Формула сыры.» деп аталады.
Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі 10.
Шама
Белгіленуі
Бірлігі
Шама
Белгіленуі
Бірлігі
Күш
F
Н, Ньютон
Отынның меншікті жану жылуы
q
Дж/кг
Жылдамдық
V
м/с
Циклдік жиілік
Гц
Жұмыс
A
Дж
Период
T
с
Уақыт
t
с
Толқын ұзындығы
м
Үдеу
a
м/с2
Катушка индуктивтілігі
L
Гн
Кернеу
U
В
Конденсатор сыйымдылығы
C
Ф
Кедергі
R
Ом
Магнит индукциясының векторы
Тл
Қуат
N(P)
Вт
Электр өрісі кернеулігі
В/м
Жиілік
Гц
Ток күші
I
А
Жол
S
м
Зат мөлшері
ν
моль
ІІ жүргізуші: Келесі айналым «Ойлан, тап!»
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Заңдылықты білмесең,
Өте алмайсың көпірден.
І жүргізуші: Ендеше сайысқа қатысушылар, физика заңдарын қаншалықты біледі екенсіздер, тексеріп көрелік.
Динамика
Оптика
Термодинамика
Гидродинамика
Тұрақты ток
Статика
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Жарықтың сыну және шағылу заңдары
Термодинамиканың 1, 2 заңдары
Паскаль заңы
Ом заңы.
Импульстің сақталу заңы
І жүргізуші: Келесі айналым «Кім жүйрік» деп аталады.
Оқушыларға сандық мәндері және атауы жазылған, бөлек-бөлек кесілген қағаздар беріледі. Олар шектелген уақыт ішінде әр шамаға қатысты сәйкес сандық мәнді қояды.
Атауы
Мәні
Атауы
Мәні
Больцман тұрақтысы
1,38∙10-23Дж/К
Жер массасы
5,976∙1024кг
Жарық жылдамдығы
3∙108м/с
Гравитация тұрақтысы
6, 67∙10-11Н∙м2/кг2
Электрон заряды
1,6∙10-19Кл
Планк тұрақтысы
6,63∙10-34Дж∙с
Еркін түсу үдеуі
9,81 м/с2
Электрлік тұрақты
8.85 10-12 Ф/м
ІІ жүргізуші: Келесі айналым «Кім алғыр!»деп аталады. Пантомимо. – алдарыңызда физикалық құбылыстар жасырылған. Біреуін таңдап, қарсылас топқа іс-қимылмен көрсетуі қажет, ал оның қандай құбылыс екенін табады.
І жүргізуші: Келесі айналым «Ән және заң».&
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 31.64 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |