Физикадан сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: Физикалық сайыс

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Физикалық сайыс.

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
  • 2.Мақал мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалануға,қызықты логикалық сұрақтарға жауап бере білуге,ойлау қабілетін дамыту.
  • 3.Оқушының ой өрісін кеңіте отырып,тәртіпке,ұқыптылыққа,адамгаршілікке,өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары,қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!

Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, интеллектуалды олимпиада сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болғаныма қуаунарым сөзсіз.

1-бастаушы:

Мінеки, мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Командалар сайысын,

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз.

Сайысымызды бастамас бұрын сіздерге қалжыны араласқан ғылыми теория айтып берейін. Екі дос бір бірінене сұрапты:Оқушылар кішкене білмей қалса, мұғалімдер «су мисың» деп ұрсады, сол дұрыс па? . Сонда екіншісі: Дегенмен дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі затттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшық еттің 76%-ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы судан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген.

Айта берсек мұндай мысалдар көп, енді сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен танысайық...

Топ командирлері яғни менің көмекшілері өз топтарындағы оқушыларды жекелеп таныстырады және топтың аты мен ұранын айтады.

Сайыстың барысы:

І. Сырлы сауалдар.

ІІ. Ғажайып сандықша.

ІІІ. Мақал мәтелдер. (Сәйкестендіру).

ІV.Тұлғалар. (Ғалымдардың аты жасырылады)

V.Тіліңмен жүгірме,біліміңмен жүгір.(Жұмбақтардың шешуін тауып,физика тілімен түсіндірілуі керек)

VI. Не? Қайда? Қашан? (математика және физика,информатика бойынша түрліше сұрақтар қойылады.)

VII. «Cөз тапқанға» сайыскерлерге әріптер беріледі,сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап берулері қажет.

І тур.Ойла ,ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Сауалдарды білмесең

Өте алмайсың көпірден. «Сырлы сауалдар» туры.

1.Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

2.Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

3.Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

4.Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

5.Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

6.Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

7.Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

8.Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

9.Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

10.Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

ІІ тур.Ұстаз, мен тестке күні-түні дайындаламын. Бірақ жадымда бәрібір ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты. Бұған не істеуге болады?-деп Асан мұғалімінен сұрапты.

Мұғалім:Күндіз-түні оқи беремін дегенің мені онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар. Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді: -Менің телефон нөмірім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен,-дейді. Сонда физик:-Жоқ ешқандай қиындық жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын,-деген екен.

Ал ,енди біздің оқушыларымыз,физиканың заңдылықтарын қалай естеріне сақтайды екен тексеріп көрелік. Екінші тур «Ғажайып сандықша». бұл турда сайыскерлерімізге физика пәні бойынша түрлі сұрақтар қойылады. Яғни әр топтың қатысушысы өзіне тиісті сұраққа жауап беруі тиіс.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 36.11 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 118

Похожие материалы