Фотосинтез. Сабақ жоспары (9 сынып)
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Наурзбаева Мейрамгуль Булатовна
|
Сабақтың тақырыбы: 16п. Фотосинтез. ІХ б сынып.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға фотосинтез процесі, оның жарық және
қараңғы сатысы , фотосинтез факторлары туралы
мағлұмат беру.
2.Фотосинтез үрдісі туралы білім алу мен өзара
сыйластыққа, үжымшылдыққа , сауаттылыққа
тәрбиелеу.
3.Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасау, бір – біріне
көмектесе отырып, өз ойларын толық айту дағдыларын
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: «Шыңға шығу» әдісі, «Сызбаны сөйлет» әдісі, графикалық
диктант, сематикалық карта , тест, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте , плакаттар, үлестірме материалдар.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Шыңға шығу» әдісі.
1. Тірі ағзалардың тыныс алуы.
2. Аэробты ағзалар.
3. Анаэробты ағзалар.
4. Теңгерме нүктесі дегеніміз не?
5. Тыныс алу кезеңдері қандай?
6. Тыныс алу қажет жағдайлар.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Сызбаны сөйлет» әдісі.
Тынысалудың жалпы формуласы:
С6H12O6 + 6O2 6CO2 + 6H2O +ATФ
ІҮ. Жаңа тақырып: Яғни бұл формуладағы күн энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен су + жарық оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі – фотосинтез деп аталады
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз : 16п. Фотосинтез.
1. Фотосинтез ашылу тарихы.
2. Фотосинтез сатылары.
3. Фотосинтез факторлары.
4. Фотосинтез бен тынысалудың өзара байланысы.
( түсіндіру)
Ү. Бекіту тапсырмалары: І. Деңгейлік тапсырмалар.
А. Сілтеме табушылар тобы. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұғымдарды тауып, анықтасын оқу.
· Фотосинтездің жарық сатысы
· Фотосинтездің қараңғы сатысы
· Фотолиз
· Фотофосфорлану
· Фотокорбаксилдеу
В. Баяндаушы топ: мәтінді оқи отырып, кесте құрастырып, оны баянда.
С. Ізденуші топ:
Фотосинтез жасыл пигмент хлорофиллі бар жасушаларда өтеді. күн жарығы энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен судың оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі. Түзілген көмірсулар қорек ретінде қолданылады, ал оттегі атмосфераға түседі. Суретте фотосинтездің жалпы сұлбасы берілген.
ІІ. Графикалық диктант. Дұрыс жауап « », қате жауап « ».
1. Фотосинтез процесі екі сатыда жүреді.
2. Жарық сатысында су қолданылады.
3. Сыртқы фактор фотосинтездеуші ағзалармен анықталады.
4. Фотосинтез процесі тек жарықта жүреді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 79 Kb |
Количество скачиваний: | 76 |