Жыныс генетикасы . Сабақ жоспары. ( 10 сынып)
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Наурзбаева Мейрамгуль Булатовна
|
Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстың анықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен тіркесіп тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру.
Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: топқа бөлу, сұрақ- жауап, топпен жұмыс, жұптық жұмыс, тірек сөздермен жұмыс, дискуссиялық өрнек, есептер шығару, сәйкестендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. А) Топқа бөлу.
таңдағандар – лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін басқарушылық қабілеті басым жандар
Оқушылар қораптан геометриялық пішіндерді таңдап (үшбұрыш , дөңгелек, шаршы) алып жұмыс орындарына отырады.
таңдағандар – өте еңбекқор, төзімді , өз жұмысының шебері,
бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
таңдағандар – өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын
да бөлісуге даяр тұратын жандар.
В) Бағалау өлшемдерін таныстыру.
«5» - 25 -31
«4» - 15 -24
«3» - 7 - 14
II. БІЛІМ ЖҮЙЕСІ: 1. Көпір сұрақтар : ( жеке жұмыс) 2 ұпай
1. Генетика ғылымы нені зерттейді ? – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті
2. Моногибридті будандастыру дегеніміз не? – бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата аналық формаларды будандастыруды атаймыз. Мыс: асбүршақтың сары және жасыл түсі.
3. Дигибридті будандастыру дегеніміз не? – екі жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата аналық формаларды будандастыруды атаймыз. Мыс:сары тегіс, жасыл кедір – бұдыр.
4. Мендель заңдары. – І заңы біркелкілік заңы. ІІ заңы ажырау заңы. ІІІ тәуелсіз ажырау заңы.
5. Толық және толымсыз доминанттылық дегеніміз не? – Мендельдің бұршаққа жүргізген тәжірибелеріндегі байқалған құбылысты толық даминанттылық деп атайды, ал гетерозиготалы ұрпақтан толық доминанттылық байқалмай, аралық сипатта болады, оны толымсыз доминанттылық дейді.
6. Т.Морган заңы. – Т.Морган жеміс шырыны дрозофилаға тәжірибе жасау арқылы «Тіркес тұқым қуалау заңын ашты»
7. Кроссинговер дегеніміз не? – Гомологті хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы немесе хромосомалардың айқасуы.
8. Цитоплазмалық тұқым қуалау дегеніміз не? – жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс, оның цитоплазмасында орналасқан органоидтердің құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалау.
9. Генетикалық карта дегеніміз не? – Хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.
10. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар? – Төрт. Комплементарлық, эпистаз, полимерия, көп аллельділік.
11. Комплементарлық әсер дегеніміз не? – Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруы.
12. Эпистаз дегеніміз не? – Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды.
13. Полимерия дегеніміз не? – Бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысы.
14. Көп аллельділік дегеніміз не? – Хромосоманың ген орналасқан бөлігі бірнеше рет мутацияға қшырауына байланысты , ол генні бірнеше рет қайталануы.
15. Ген дегеніміз не? – хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының өлшем бірлігі.
16. Адамдағы хромосома саны – 46
Мұғалім: Табиғат құпиясы таусылған ба?
Кездесер тірі ағзалар екі дара,
Аталық пен аналық жыныстардың
Біледі құрылысын жеке дара.
Білсеңіз айтыңызшы , бұл қай сала? ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ
III. ТҮСІНІК ЖҮЙЕСІ : Жыныс генетикасы. ( күн жады мен тақырыпты дәптерге жазу)
Мұғалім: Жыныстың анықталуының генетикалық механизімі бойынша түсіндіреді. 10 ұпай.
Оқушы: Баршамызға белгілі табиғатта кездесетін тірі организмдердің арасындағы аталықтар мен аналықтардың арақатынасы шаммен тең, яғни 1:1 қатынасындай. Осы құбылысты қалай түсіндіруге болады?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.17 Mb |
Количество скачиваний: | 96 |