»Friendship»- беиіндік жазғы лагерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
№77 мектеп-кешеннен жасақталған бейіндік жазғы лагерьде тыныққандар былтырғы каникул күндері қала мектептері арасында болған фестивальдер мен байқау-конкурстар нәтижесінде балалар шығармашылығына тағайындалған Гран-при сыйлығын жеңіп алды. Маусым жабыларда бейіндік лагерьде өнер мен білімде, спорт пен отансүйгіштікте танылған белсенді тынығушылар сертификаттар мен ескерткіш тартуларға ие болды. Қорыта айтқанда, бейіндік жазғы лагерь жұмысының нәтижесінде балалар демалысын мәнді әрі мазмұнды, пайдалы әрі әсерлі шаралармен тиімді ұйымдастырудың байыпты әдіс-тәсілдері жүйеленді. Ең үлкен жетістік – сөзімнің басында атап өткенімдей, туған ел мен жерге деген жеткіншек жүректердің махаббат сезімі қанат қақты. Түрлі мінез-құлықты, түрлі отбасында тәрбиеленген балалар маусым бойы бір шаңырақтың балаларындай, бір-бірінің әдет-дағдысына төзімділікпен қарап, өзара тату сыйласып, саяхат-серуен, ойын-сауық шараларында ұжымдық топтар командалық рух беріктігін сақтауға дағдыланды, бірін-бірі қолдауға, біріне-бірі жәрдемге келуге  баулынды, табиғат дарын сыйлаған қабілетті оқушылар өз күштері мен өнерпаздық мәдениетін конкурстар үстінде жетілдіре түсті. Бейіндік жазғы лагерьде тыныққан әрбір шәкірт денсаулық нығайтып, спортпен шұғылданудың, саяхаттудың, туған жер табиғатын тамашалау мен оны көзінің қарашығындай қорғаудың страгегиялық маңызын терең пайымдады. Мектеп оқушыларының бейіндік бағдарлы демалысын ұйымдастырудың біз қысқаша бьаяндаған пайдалы жақтары бұл ісіміздің кемел келешегін меңзейді.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 50 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 80

Похожие материалы