Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Баспасөз материалдарын беттеу

Барлық кәсіпорындар сияқт баспахана да жоспармен жұмыс істейді. Газеттер, журналдар, кітаптарды беттеуде цехтың да өзінің өндірістік жоспары болады. Бетту цехының ойдағыдай жұмыс істеуі, қолмен істелетін процестер  мен теру машиналарының толық та біркелкі жұмыс істеуіне, олардың бос тұрмауына байланысты. Цехтың жоспарына сәйкес редакциялар мен баспалар, график бойынша, теруге әзірленген түп нұсқамен, макеттермен және оқылған басылым көшірмелерімен, графикалармен, қос беттермен цехты мерзімінде қамтамасызетуне байланысты.

Түп нұсқаларды теруге жіберу. Редакцияда, әдетте, газеттің кезекті санының жоспары күні бұрын әзірленіп қойылады. Бұл баспаханаға түп нұсқаларды дер кезінде өткізуді жеңілдетеді. Редакцияның хатшысы әрбір бөлім үшін берілетін жолдардың санын белгілеп, дайын материалдарды хатшылықтың қай сағатта алатындығын және кестеге сәкес бұларды теруге жіберу мерзімін дәл көрсетеді.

Үлкен форматты газетте беттің биіктігі 291/2  квадратқа тең болады. Оның әрбір бағанасына 177 жол петит сыйғызуға болады. Әрбір бетте 6-8 бағана болады; беттердітолтыру үшін редакцияның теруге петиттік материал өткізуін қажет етеді. 6 бағаналық болу үшін – ені 3 Ә квадрат, 1062 жол мәтін 7 бағана үшін 3 квадратқа 1239 жол мәтін, 8 бағана үшін – 2 Ә квадратқа 1416 жол мәтін керек. Газеттің бүкіл санының сыйымдылығын білу үшін осы сандарды беттердің санына көбейткен жөн. 4 беттік газет үшін теруге ені 3 Ә  квадрат 4250 жол мәтін, немесе 3 квадратқа 4950 жол, немесе 2 Ә квадратқа 5660 жол мәтін өткізу керек.

Алайда бұл цифрлар дәл бола бермейді. Өйткені беттерде мәтіннің басқа газеттің жалпы бас тақырыбы, шапкалар, материалдардың бас тақырыптары , клише, хабарландырулар, тағы басқалар еддәуір орын алады ғой. Мәселен, газеттің бас тақырыбы 100 жол, хабарландырулар – 200 жол, барлық беттерде клишелер 400 жол алады. Алдына ала есептеп қарағнда шапкалар  мен бас тақырыптарға 300 жол қалдыруға болады. Сонымен осы нөмер үшін беттің жалпы сыйымдылығы 1000 жолдан кем болмағаны жөн.

Беттерді дер кезінде беттеуді қамтамасыз ету үшін баспаханаға материалдар жіберу редакцияларда қатаң қадағаланады. Егер таңертең істің жалпы барысына зиян келтірілмей-ақ кез келген материалдарды теруге жіберуге болатын болса, басқаша, яғни бірінші беттелетін беттерге баратын материалдарды бұрын жіберу керек

Қолжазбаларды әдеби редакциялау

Баспасөз жанрларының алуан түрлі болуына, газеттер мен журналдарда жарияланатын көптеген материалдардың идеялық мазмұны мен көркемдік сапасына қойылатын жоғары талаптар  осы материалдардың әрқайсысын мұқият редакциялап отыруды қажет етеді. Редакциялар өзінің мазмұны, тілі және стилі жағынан әбден аяқталып біткен бірқатар қолжазбалар алып отырады. Бірақ олардың ішінде көпшілігі азды-көпті түзетуді керек етеді.

Қолжазбаны редакциялаудың негізгі мақсаты. Газет материалдарының терең идеялық мазмұнды болуымен бірге оны әдеби жағынан жетік мамандықпен редакциялау, тілі мен стилінің жоғары сапалылығы біздің баспасөзіміздің тәжірибесіндегі аса маңызды мәселелер болып табылады.

Редакция жұмысының тәжірибесінде  қолжазбаны түзетудің төрт түрі болады, олар: өңдеп түзету, қайта жазып түзету, қысқартып түзету, оқи отырып тзету.

 

ӨҢДЕП ТҮЗЕТУ – түзетудің ең көп тараған түрі. Әдетте авторлардың көпшілігі өздерінің материалдарын белгілі бір жоспар бойынша жазады, компазициясын ойластырып құрады, әрбір сөзді, сөз тіркесін сауатты, мәнерлі жазуға тырысып, бұл іске бар өнерін салады. Алайда мұндай шеберлікке авторлар үнемі жете бермейді. Кейбір жазушылардың компазициясында, тілінде, стилінде  және грамматикасында шалалықтар кездеседі. Дәл құрылмаған тұжырымдар, мәтіннің абзацқа дұрыс бөлінбеуі, негізгі қағидаларды нашар дәлелдеу және т.б. жатады. Кейде қолжазбада келтірілген фактілердің негізгі тақырыпқа тікелей қатынасы болмайды, ой тиісті дәйектілікпен баяндалмайды, қолжазбаның жеке бөліктері тең емес, және т.б.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 33.98 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 129

Похожие материалы