География пәнінде формативті бағалауды қолданудың түрлері
Предмет:
География
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Абилдаев Максат Тоқаұлы
Здесь была ссылка на работу География пәнінде формативті бағалауды қолданудың түрлері автора Абилдаев Максат Тоқаұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
География пәнінде формативті бағалауды қолданудың түрлері Өз ойын айта алмау – кемшілік, ал өз ойы болмау – одан да жаман. Өз ойың болу үшін білімді біреудің үйретуімен емес, өздігіңнен алуың керек. К.Д.Ушинский. Әлемдік бәсекелестік жағдайында «өмір бойы» оқуды кез келген маман,әрине оның ішінде ұстаздар қауымы үшін басты қажеттілікті талап етеді.ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес қазіргі кезде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мен қайта даярлау қазіргі күнде түбегейлі жүріп жатыр. Бір сарынға түсіп қалған білім беру жүйісі үшін бұл мұғалімдер мен білім мекемелері үшін жаңаша әдіс – тәсіл болғалы тұр.Жаңаша оқытудағы ерекшеліктер мен дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім тұлға ретінде балаларды өзі жеке дара жазбаша немесе ауызша бағалайтын немесе өзі сол 45 минутқа өзі қожалық етіп отыратын. Ал қазіргі еніп жатқан модульдік бағдарламаларда мұғалім тек бағыт бағдар беруші болып табылады.Яғни оқушылар өздігінен білім алу мен қатар қасындағылармен бірдей санасып шығармашылық қабілеттерін шыңдаумен үнемі дағдылануға жұмыс жасайды.Осы «Сындарлы оқыту теориясы» бойынша сабақ құрылымында да көптеген өзгерістер еніп отыр.Сабақты дәстүрлі түрде өткенде сабақтың құрылымындағы басты Сабақтың мақсаты тек Білімділігі , Дамытушылығы , Тәрбиелігі болса , оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» бойынша Білу,Түсіну,Қолдану,Талдау,Жинақтау,Бағалау болып табылады.Сонымен қатар сабақтың мақсатына қаншалықты қол жеткізгеніңді сабақ барысында толық бақылауға болады.Басты ерекшелігі топтасып отыру мен қатар жұптасып жұмыс жасау,сыныпты толық қамту болып табылады.Жекелеген оқушыларға тапсырмалар берумен қатар дарынды немесе үлгермеуші оқушылармен толық жұмыс жасауға дағдыланумен көзден таса қалдырмауға негізделеді.Сыныптарда сабақтың жоғары деңгейде өтуіне АКТ- ның маңызы ерекше.Өйткені қазіргі ақпарат заманында интернетсіз жұмыс жасау мүмкін емес.Ақпаратты алу мен қатар оны сабақта (суреттер,роликтер,видиоларды) қолдану болып табылады.Оқушыларды күнделікті сабаққа бейімдеумен қатар жұмыс дәптерін толтыру ,оқушыларды сыни ойлауға баулу, кері байланыс орнату. Бағалау бұл : Формативтік және жиынтық бағалау: Бастама (мұғалім):Солтүстік Америкадағы ең үлкен арал? Жауап (оқушы): Гренландия Кейінгі әрекет (мұғалім): дұрыс Жиынтық бағалау оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін бағалау немесе оқытуды бағалау деп те атаймыз. Сабақта кейбір мәліметтерінің нақты емес жақтарын сонымен бірге топ ішінде тыс қалған оқушылардың келесіде топ басшысына топтық жұмыстарға тартуына да шынайы ұсыныс пікірлерін білдірді.Сабақ соңында өзімнің тарапымнан екі жетістік бір ұсынысымды айтып топтарды бағалап өттім. .Сабақ барысында топтың жұмыстың орындалуы мен критерий бойынша бағалауды әр топ басшылары Айдана ,Ақбота,Байтас,Жанеркелер өз топтарына бағалауды ұйымдастыра білді.Жұптық бағалау кезінде де қаншалықты атсалысқанын айқындап айта алды. Сондай ақ әр тапсырманы орындау мен қорғау барысында екі жетістік бір ұсынысты айтуға оқушылар бірте – бірте дағдылана бастады.Оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда сабақтың мақсаты мен оған қол жеткізген нәтижелерінің қаншалықты жеткендігін білетін болды және өздерінің алған әсерлерін рефлексиясын айтуға дағдыландыру болды. Жаңаша әдіс – тәсілдерді әр сыныпта топтық жұмыстан бастап тәжірибеге ендіру, сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бағалауды өздері топтық,жұптық ,өзін – өзі бағалауды сабақтарда қолдануға оқушыларды бағыттадым.Әрине оқушылардың бағалауды толық меңгермесе де алға талпынып өз ойларын ашық айтуға тырысып отырды.Сабақтағы топтық,жұптық бағалау мен бақылаушының жұмыстарына деген оқушылардың көзқарасы ерекше болды.Өйткені оқушылар дәстүрлі сабаққа үйренген оқушылар үшін бұл бағалау әдісі ерекше әсер етті. Тек қана топтасып қоймай жұптасып жұмыс жасау,өздерін және өзге топтарды бағалауды үйрету болды.Кейінгі сабақтарымда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта бастады.олай дейтінім сабақтағы жетістіктерімен кемшіліктерін топ ішінде өзара анықтап, жалпы топты,жұпты сабақты қорытындылауға бағытталғандай болды.Әлі де болса сабақта бағалаудың басқа да түрлерін қолданып оқушылардың белсенділігін арттыру алдағы уақыттың еншісінде. Осындай топтық жұмыстар арқылы бала өзін-өзі және өзгені бағалайды, өзін-өзі реттейді, бағалау арқылы қадір-қасиетін сезінеді өзіндік ой мен талпыныс пайда болады.Сабақтың қаншалықты мақсатына жеткендігін өздері тұжырымдайтын болады. Іс-тәжірибемді алдағы уақытта әлі де болса бағалау мен басқа да модульдерді жетілдіруімді қажет етеді. Өзімді және оқушыларды да жүйелі жауап пен кері байланыс орнатуға топ ішінде ұйымшылдыққа,сыпайылыққа,шыдамдылыққа бағыттау алдағы күннің еншісінде.