География сабақтарында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы арқылы география сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Предмет:
|
География
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Курмашева Шынар Насипкалиевна
|
Здесь была ссылка на работу География сабақтарында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы арқылы география сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру. автора Курмашева Шынар Насипкалиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Оқу мен жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту Жобасының ерекшелігі. (RWCT) 2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын сабақта қолдану. 3.RWCT жобасының әдіс-тәсілдерінің тиімділігі. ІІІ. Қорытынды. Мақсаты: o Сапалы білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқу-шылардыңсыни ойлауын, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттері: o Сын тұрғысынан ойлау теориясын зерттеу o Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің қалыптасу деңгейін анықтайтын критерилер жасақтау Әлемдегі ең баға жетпес құндылық – бұл тереңойлы және білімді ересек адамдар. Білім жүйесінің мақсаты ондай адамдардыңкөп болуына жұмыстану«Халперн. Д Ақпараттық технологияның дамып, оны пайдалану нәтижесінде «Ақпараттық жарылыс», пайдаланатын ақпараттың ондаған есеге ұлғаюына әкеп соқты, және де олардың тез ескеріп қайта жаңартып отыруды талап етеді. Бұндай жағдайларда кәсіби қызметінің өнімділігі, жетістігі оның ақпарат ағымын қабылдай білу қабілетіне байланысты, ерік-жігерінің болуына және кездесетін қиындықтарды жеңе білу, жетіспеген білімді іздеуге және қолдана білуіне, сонымен қатар мақсат қоя білуге,оған жету үшін барлық ресурстарды тауып қолдана білуі керек. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ете-тіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар. Мен оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда оқытудың жаңа әдіс-тәсілін пайдаланып сабақ беру сияқты мәселені ең басты міндет санап, 2012ж наурыз айында «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарға қатынасып, алған білімімді тәжірибемде, өз сабақтарымда қолдануға тырыстым. Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебімде абақтарымды түрлендіріп, «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту жобасының стратегияларын қолдана отырып өткіземін. Осы әдіс-тәсілдер арқылы сабақты түрлендіре өткізу тиімді деп ойлаймын. Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы екенін түсіндім. RWCT жобасы бойынша сабақ құрылымы келесі сатылардан тұрады. 1. Қызығушылықты ояту сатысы. Бұл кезеңде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т.б деген сұрақтарды алмастырып керсінше сабаққа жағымды ахуал туғызады. Қызығушылықты ояту кезеңінде – «жаңа білімге көпір салу» . Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден аластатады. 2. Мағынаны тану сатысы. Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар : болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өз бетімен оқу, өзара оқу т.б. Барлық мүмкін байланыстырды өткізеді. 3. Ой толғаныс сатысы.Слайд Оқуды қортындылау. Оқушылар өз ойларымен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмаларды, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «эссе жазу» , «бес жол өлең» т.б стратегияларды пайдаланып қорғайды. Өзімнің география сабақтарында мәтінмен жұмыс мәдениетін қалыптасуына және сыни ойлауды дамытуда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерге толығырақ тоқталайын.Бірінші. Ақпараттарды қабылдауды үйренеміз. Ақпаратты қабылдап үйрену үшін, дамыту үшін – «ББҮ» (Білемін-Білгім келеді-Үйрендім), «Зигзаг», «ЖИГСО», «Идеялар,түсініктер, атаулар себеті» Екінші. Болжап үйрену. Бүгінгі таңда маңызды қабілеттердің бірі болжау болып табылады. Бұл қасиет ересек адамдардың барлығында кездесе бермейді. Ол үшін «Дұрыс-Дұрыс емес ұғым» әдісін пайдалану қолайлы. Үшінші. Мәтінмен жұмыс жасап үйрену. Мағнаны тану сатысында, жеке ойларын жинақтауда «Кідіріспен оқу», «Инсерт», «Кластер құрастыру», Төртінші. Ақпаратты шығармашылық деңгейде өңдеу. Бесінші. Сұрақ қоюға үйрену.Слайд№13 «Қысқа және ұзақ сұрақтар» әдісі арқылы сұрақ қоюды үйренеді. Оқушының қойған сұрағы, оқушы білімінің диагностикасы және мәтінді қаншалықты меңгергенінің деңгейін белгілейді.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
67.96 Kb
|
Количество скачиваний:
|
24
|
Просмотров: 111
Похожие материалы