Гүлді өсімдіктерге агрономиялық кешенінің әсерә

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы біржылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис)- mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, шырайгүл-петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т.б. Біржылдық гүлді өсімдіктерді құмайт жерде өсіруге берілген мүмкіндік, олардың  дамуын және өсуін бақылауға қызықты болғандықтан, эстетикалық қасиеттері мен өсімдік сапалары үлкен қызығушылықты тудырады. Ең алдымен, мектептегі гүлді өсімдіктер оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсер етеді. Ежелден бері гүлдер адам өмірін көркемдетіп, өзінің хош иісімен және сұлулығымен өзіне тартады. Балалық шақтан гүлдерге сыйлаған махаббат, адам өмірінде мәңгі сақталады.Мәдени өсімдіктерді жергілікті жағдайда өсіру мен зерттеу, олардың көбеюі, сонымен қатар, ассортименттің кеңеюі, биологиялық және химиялық қорғау тәсілдерінен кейін гүлді өсімдіктердің өсуінің жақсаруы – осының барлығы зерттеу жұмысына арналған материал. Себебі, гүлді өсімдіктер оқушылар үшін  таптырмайтын материал және олар үшін өсімдіктердің өсуі және дамуы (зиян келтірушілермен күрес, тыңайтқыштар, кесінді, қоректендіру) бойынша  үлкен тәжірибе болып келеді. Бағдарлама бойынша мектеп ауласында 5-11 сынып оқушылары жұмыс істейді. Гүлді өсімдіктер биология сабағында өсімдік мүшелерін зерттеу үшін қолданылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 316.19 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 158

Похожие материалы