Грамматикалық тақырып: “Сөз таптарын қайталау” Лексикалық тақырып: “Туған өлкем”
| Предмет: | Русский язык и литература | 
|---|---|
| Категория материала: | Презентации | 
| Автор: | 
                        Нурмукашова Майра Сагингалиевна
                         | 
                
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Қазақстан – туған өлкем.
Қазақстан – Еуразиядағы жер көлемі ең үлкен мемлекеттің бірі. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандарын, көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз планетамыздың осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – біздің Отанымыз.
Қазақ жерін Шығыс пен Батысты жалғастырған алтын көпір дейді.
Осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз – пайдалы қазбалар қоймасы.
Қазақстанда 15 миллионға жуық адам тұрады.
Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан Тянь – Шань тауларына дейін ұланғайыр жерді алып жатқан – Қазақстан Республикасы.
Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.
Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 миллион гектар жерді алып жатыр. Еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Біздің елдің орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көркем даласы, жайлауы бар. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Елімізде сулы өзендер, көлдер, теңіздер көп. Табиғаттың тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз көптеген жануарларды қамқорлыққа алған. Оларды бақыттың бастамасы деп дәріптеген.
Олар: далаға ажар берген – ақбөкен, ән мен сәннің иесі – бұлбұл, су аруы – аққу. Аз қалған жануарларды құрып кетуден сақтау үшін олардың атын «Қызыл кітапқа» жазады. Бұл хайуанаттарды атуға, аулауға болмайды.
| Тип материала: | Презентация PowerPoint (ppt) | 
|---|---|
| Размер: | 730,0 КБ | 
| Количество скачиваний: | 4 |