"Halloween" for the 5th form

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

I student: Good evening, dear guests. Welcome to our party! Today we are having a special holiday for the dead – does that seem strange? Perhaps not. There are so many holidays for the living, why not set aside a day to remember those who have died? In Europe the night of the ghosts and witches was combined with the Christian holiday. As that night fell on October 31, people called it Halloween. This means “hallowed evening” or “holy eve”.

 

IIstudent:Қайырлы күн! Әрине, бәріміз де бұл мейрам жайында білеміз. Көбіне шет елдерде тойланатын мейрам.  Христиандық дәуірге дейінгі кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ, Францияның аумағында кельт атты жұрт өмір сүрген. Кельттердің жыл санауы қыс және жаз болып екі бөліктен тұратын. Олар Күнді өздерінің жоғары құдайы деп санайтын. Олардың түсінігі бойынша, Күн қыс мезгілінде өлілердің патшасы Самхэйннің (Самайн) тұтқынында болады-мыс. Тура 31 қазан күні (әрине, біздің жыл санауымыз бойынша) кельттер өздерінің Самхэйн деп аталатын ең үлкен мейрамдарын тойлайды екен. Бұл мейрам күзгі өнімді жинау науқанының аяқталғанын және ескі жыл бітіп, жаңа жылдың басталуын білдіретіндіктен, ерекше мәнге ие еді. Сонымен бірге, Самхэйн – қатал қыстың басталуын білдіретін. Кельттер пұтқа табынушылар болғаны белгілі, олар да өлімнен кейін өмірдің болатынына сенетін. Аңыздары бойынша, Самхэйн өмір сүретін ақ дала өте әдемі болады-мыс. Осы түні Самхэйн өткен шақтан болашаққа есік ашады екен. Көптеген салт-дәстүрлері Самхэйнмен байланыстырылған. Осы күні Ирландияның сол кездегі Тару атты бас қаласында барлық жауынгерлер жиналып, той жасайтын. Ол күні-түні тойланатын болған. Самхэйн күні адамдар кейінірек друидтер (кельт халқының абыздары) берген қасиетті оттармен үй шамдарын қайтадан жағу үшін, өз үйлеріндегі оттарды өшіріп қоятын. Бұл күн мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді деп сенетін. Сондықтан да кельттер әруақтар сияқты киініп алып, арғы беттен келетін тылсым күштерді тыныштандыру үшін, әр үйге барып тамақ сұрап жүретін болған.  (31 қазан) ескі ағылшын тілінде «All Hallows Even» немесе «All Hallows Eve» («Барлық әулиелер кеші») деп аталған. Кейінірек атаулар «Hallowe’en» немесе «Halloween», яғни Хэллоуин деп өзгертілген. Пұтқа табынушылар мен христиандар мейрамдарының тойлануы бір уақытта тура келуі, пұтқа табынушылар мейрамының сақталуына мүмкіндік ашты.

Сонымен, біз бүгінгі іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.47 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 122

Похожие материалы