Здесь была ссылка на работу «Халқымды білгің келсе , салтымнан таны « автора Есетова Алтыншаш Карабаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Халқымды білгің келсе, салтымнан таны» Мақсаты: Білім алушылардың қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жетілдіру, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, сын тұрғысынан ойлауға, талқылауға үйрету. Салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер:, фломастер,маркер,түсті қағаздар, презентация кеспе қағаздар, бағалау парағы Барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылардың назарын сабаққа аудару. Алашты алаш десе, аттанамын. Қазақты қазақ десе, мақтанамын. Болғанда әкем- қазақ, шешем- қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? 2 Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру.» «Миға шабуыл» (Ақын, жазушылар,төрт түлік мал, ұлттық тағамдар, ұлттық сусындар, ұлттық киімдер, шашу, құдалық ......) Өзіміздің қазақ халқының да сан алуан салт- дәстүрі бар. Халқымыздың салт- дәстүрлері қай халыққа болса да үлгі боларлық. Қорытынды: «Қазақ халқы- қонақжай халық» Ауылдың алты ауызы. Әнге кезек береміз. «Қазақы дастарханым» Абай атамыз: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең.» сендер Абай атамыздың осы ойымен келісесіңдер ме? 3. Өз ойларын ортаға салу. «Жобаны қорғау» 4 Сұрақтар қоржыны. Қоржыннан сұрақтарды алып, қағазға жазу. Жауаптың дұрыстығы, сауаттылығы ескеріледі. * Бала дүние есігін ашқанда алғаш жасалатын той ( шілдехана) * Жақсылық хабарды жеткізу қалай аталады? ( сүйінші) * Баланың денсаулығы мен тазалығын сақтау мақсатында жасалатын той. (Бесікке салу) *Ата- аналардың келісімшарты қалай аталады? (құдалық) * Жас келінді елге таныстыруда жасалатын дәстүр? (бет ашар) Қорытынды: «Халқымды білгің келсе, салтымнан таны» Ән. « Құдалар » Осы әнді естігенде көз алдарыңа не елестеді? Өз ойларын ортаға салу. Құдалық, құйрық бауыр, дорб, қонақтар. Қазақ халқы сөз құдіретіне аса мән береді.Сөз өнері қалай аталады? ( Айтыс) Айтыскер ақындарға қандай талаптар қойылады? · Шешендік, ұтқырлық, шапшаңдық, ой өресінің биіктігі, «Айтыс» Ортаға айтыскерлерімізді шақырамыз.( құдалардың айтысы ) 5 Дебат « Қазақ халқының салт –дәстүрлері » 1- топ Даттаушы жақ. 2-топ Жақтаушы топ. 6 Ақ бата. Кім көп бата біледі? 7 Не білдім? Не үйрендім? Презентацияның көмегімен білімдерін бекіту. 8 Қорытынды: Дорба ашу. (көріңіс) Бай мен бай құда болса, арасында жорға жүреді. Бай мен кедей құда болса, зорға жүреді. Кедей мен кедей болса, арасында дорба жүреді. 9 Бағалау парағымен жұмыс. (Ұпай сандарын санау, сыйлықтарды беру) 10 Үйге тапсырма: 1. Деңгей « Бесікке салу » эссе жазу 2 Деңгей «Тұсау кесу» 3 . Деңгей «Құда түсу»