ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік – елдігім, еркіндігім,

Аймалауда нұрымен көркімді күн.

Бұрынғымнан мың мәрте мерейлімін,

Бұрынғымнан мың мәрте серпіндімін.

Тәуелсіздік – киеміз баршамыздың,

Қақыратты көбесін қанша мұздың.

Бағымыз да сол шығар жоғарырақ,

Жұлдызымыз жанса біздің жарқырап! – дей отырып, ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойынын бастауға рұқсат

Біздің сайысымыз бес бөлімнен тұрады.

І бөлім - «Бәйге»

ІІ бөлім – «Полиглот»

ІІІ бөлім – «жеті ғажайып бақ»

ІҮ бөлім – «Шешен»

Ү бөлім – «Жорға»

Сайыскерлеріміз енді өздері туралы қысқаша айтып, таныстырып өтсе. Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Ережесімен таныстырып өтейін. Сұрақ оқылады, алдындағы қосқышты бірінші болып қосқан оқушы жауап береді. Ол сайыскер дұрыс жауап бермесе, 2 – қосқышты қосқан оқушы жауап бере алады. Егер ол оқушы дұрыс жауап бермесе, жауабын өзім айтамын. Берілген сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап берген оқушыға 10 ұпай беріледі.

· 1991 жылы 16 желтоқсанда қандай заң қабылданды? (ҚР Тәуелсіздігі туралы)

· Тәуелсіздік үшін халқымыз қанша рет көтеріліске шықты? (325)

· Өз теңгеміз қай жылы, қай айда айналымға шықты? (1993 ж қараша)

· Қазақ елі ерте заманда теңгелерді қай қаладағы арнаулы шеберханада жасаған? (Түркістан, Тараз)

· Ұлттық теңгеміз ненің белгісі? (дербес елдің)

· Желтоқсан құрбандары?

· Тәуелсіздік монументі қай жылы, қайда ашылды? (1996 ж 16 желтоқсан Алматы)

· Біздің еліміз қашан өз егемендігі туралы деклорация қабылдады? (1991 ж 16 қазан)

Бірінші бөлімнің қорытындысы бойынша сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Сайысымыздың екінші бөлімі «Полиглот» деп аталады. Ережесі: қойылған сұрақтың жауабын айту. Сол сөзді үш тілге аудару. Әр

ІІ бөлімнің қорытындысы бойынша әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Келесі бөлім «Жеті ғажайып бақ». Алдарыңызда тұрған сандардың артында сұрақтар берілген. Сол сандардың сұрағына дұрыс жауап бергенге 20 ұпай беріледі.

Қазақ тілі: қазақстанда «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды? 1997 ж 17 шілде

Тарих: 1998 жыл қандай жыл? (халықтар бірлестігі және ұлттық тарих жылы)

Қазақ әдебиеті: Ұлы Абайдың шәкірті, көптеген поэмалар мен өлеңдердің авторы? (Ш.Құдайбердіұлы)

Музыка: ерлердің жоғарғы даусы? Тенор

География: ҚР астанасы Алматы қаласынан Астана қаласына қашан көшірілді? 1998 ж

Физика: атомның құрылысы? Ядро, протон, нейтрон, электрон

ІІІ бөлімнің қорытындысы бойынша ұпай сандары төмен оқушылар ойыннан шығады.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Шешен». Ұпайы төмен оқушы бір санды таңдайды. Сол санның сұрағына дұрыс жауап 30 ұпай. 1 минут уақыт беріледі.

ІҮ бөлімнің қорытындысын шығару

Сайысымыздың Ү бөлімі «Жорға». Берілген 1 минут уақыт ішінде берілген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Неғұрлым көп сұраққа жауап берсеңіздер, ұпай сандарыңыз да жоғары болады.

1. ҚР БҰҰ – на қашан мүше болды? 1992ж

2. Семей атом сынақ полигоны қашан жабылды?1991ж

3. Музыкалық дыбысты жоғарылататын динамикалық белгі? Диез

4. 2000 жыл Елбасымыздың жарлығымен қандай жыл? Мәдениетті қолдау

5. «Қулық» сөзінің синонимі? Сұмдық

6. «Ақтабан - шұбырынды» жылдарында қазақ халқында қандай ән қалды?Елім-ай

7. Қандай санға бөлуге болмайды? Нөлге

8. Будың сұйыққа айналу құбылысы? Конденсация

9. Айналадағы көзге көрінетін кеңістік? Көкжиек

10. Ең кіші материк? Австралия

11. «Физика» қай тілден алынған? Грек

12. Массаның өлшем бірлігі? Кг

13. Абылай ханның шын аты? Әбілмансұр

14. Абылайды жырлаған кім? Бұқар

15. Қазақстандағы ең ірі тасты шөл? Бетпақдала

16. Қазақстан қандай мемлекет? Унитарлы

17. Ұлы Британиядағы ең кіші ел? Уэлс

18. Өрмекшінің аяғы? Төрт жұп

Сайысымыздың Үбөлімі бойынша сөзді әділқазылар алқасынаа береміз.

Бүгінгі өткен сайысымызға қатысып, өз білімдерің мен тапқырлықтарыңды көрсеткендеріңе көп рахмет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 39 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 99

Похожие материалы