«Иманды ұл-өмір көркі»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Танымдық шараның тақырыбы: «Иманды ұл-өмір көркі»

Сыныбы: 4б ұлдары

Мақсаты: 1.Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.

2.Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін жеткізе білуге жетелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,нақыл сөздер,суреттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады-деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларымызға арнай отырып,бүгінгі «Иманды ұл –өмір көркі» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.

ІІ.Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІІ. Топқа бөлу: Өлең жолдары арқылы.

1 топ-«Қырандар» тобы

2 топ-«Тұлпарлар» тобы

ІV. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі» .

Бүгінгі мектеп партасында отырған ұл,ертеңгі жігіт,ер азамат,елдің тірегі. Мен қазақпын дейтін азамат өзінің шыққан тегін ,кіндік кескен ата жұртын қастерлеп,жадында ұстау керек.Қазақ « жеті атасын білмеген жетесіз» деген. Балалар өздеріңнің есімдеріңді,руларыңды ,жеті аталарыңды айтып таныстыра қойыңдар.

Ү. Жігітке жеті өнер де аз.Ұлдарымыз өз өнерлерін ортаға салады.

ҮІ. Ана,Отан,Ерлік тақырыбында мақал-мәтелді қаншалықты білетіндеріңді «Жалғастыр»ойыны барысында байқап көрейік.

ҮІІ. Сергіту сәті.

ҮІІІ. Имандылық қасиеттері. Тақырыпты ашу.

ІХ.Ойланайық,пікірлесейік.

1 топқа: «Атадан жақсы ұл туса елінің туы болады» дегенді қалай түсінесің?

2 топқа:Ұл бала үшін «қасиетті борыш» деп нені айтар едің?

Х. Жүректен-жүрекке: оқушылар бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтты.

Оқушыларға:Аң жортар аяғымен –жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен-көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл болам десең,

Адам бол! болма адамның көлеңкесі-деп Абай атамыз айтқандай,адамгершілігі мол,еліміздің иманды ұлдары болып өсіңдер деп тілек айтамын.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 980.5 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 102

Похожие материалы