Информатика пән мұғалімінің жылдық рефлексивті есебі.

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Коучингтер:

  • 1.«АКТ мүмкіндіктерін қолданудың жаңа тәсілдері»,
  • 2.«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау»,
  • 3.«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»,
  • 4.«Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары»,
  • 5.«Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке баулу жолдары»
  • .«Оқушының оқуға деген мотивациясын ояту жолдары" тақырыптарында мұғалімдер мен ата-аналардың танымдық және кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында коучинг сессиялар өткізіліп, тиімді нәтижелерін көрсетті. Бұдан бөлек іс-шараларды жоспарлау мен талқылау процесстерінің жиналыстары болып тұрды және әріптестер, әкімшілік, ата-аналар, оқушылар, жас мамандар, тәлімгерлер мен тәлімалушылар арасында кәсіби әңгімелер жүргізілді. Бұл кәсіби әңгімелер Жеті модуль аясындағы «жаңа тұрпаттағы мұғалім қандай болу керек», «неге біз өзгеруіміз керек», «оқу мен оқытудағы проблемалардың дұрыс шешімдерін таба білу», «тәсілдердің тиімділігін арттыру» және «ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың құзыреттілігін арттыру», «әріптестік ынтымақтастықты қалыптастыру» тақырыптарында өрбіді. Жақсы құрылған жоспар ғана жұмыстың елу пайызының орындалуына кепілдік береді. Болашақта қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспардың тиімділігін жетілдіруді көздеймін: 1. Мемлекеттік бағдарламаға сай ұзақ мерзімді жоспар құру. 2. Әр сабаққа арналған ата-аналар мен оқушыларға түсінікті, әрі қол жетімді етіп бағалау критерийлері мен дискрипторын құру. 3. Бағалау критерийлерін жүзеге асыратын орта мерзімді жоспарлар құру. 4. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жетістіктері қолданылып түрлендірілген және Чиксентмихайидің «Өзіндік мақсат» теориясы жүзеге асатын деңгейлік тапсырмалары мен жұмыс түрлері бар қысқа мерзімді жоспарларды құру. Бұндай жоспарлар мен бағалау критерийлері бар сабақтар оқу мен оқытудың сапасын арттырады және оқушылардың өздігінен оқуына ықпал жасайды деп ойлаймын. Қорыта келгенде: биылғы оқу жылындағы мемелекеттік бағдарламаның орындалуынан бөлек , жасаған барлық жұмыстарымның нәтижесінде әкімшіліктің қолдауымен көптеген оқушыларымның, әріптестерімнің және ата-аналардың басқа қырларынан танып, олармен тәжірибе алмасып, шығармашылық шабыт алдым. Бұдан бөлек тәлімалушымды үйрете жүріп, өзімде көп нәрсе үйрендім. Орыс тілі пәні мұғалімі Жолманова С.Е. жүргізген Лессон стади сабақтары, қазақ тілі пән мұғалімдері жоспарлаған «Топтық жұмыстың тиімділігін арттыру» Лессон стади зерттеушілік сабақтары мен №8 тірек мектебі жүргізген семинарлары, мектеп директоры Сламов Ғ.Т. өткізген Қалалық «Көшбасшылық» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған коучинг сессиясы, тренер Хайрушованың «Топтық жұмыс түрлері» тақырыбындағы жүргізген коучинг сессиясы мен үшін маңызды , әрі пайдалы болды және жағымды әсерін қалдырды. 2014-2015 оқу жылы
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 60.42 Kb
Количество скачиваний: 59
Просмотров: 171

Похожие материалы