"Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері" авторлық бағдарламасы
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Куздибаева Гульжамал Жанабаевна
|
№51 гимназия
5 - сыныбына арналған 2013-2014 оқу жылы
(мектеп компоненті)
Авторы: Куздибаева Г.Ж..
ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі
"Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері" авторлық бағдарламасы
Түсінік хат
Қазіргі ақпараттар заманында ақпарат (информация) ағымын компьютерсіз қабылдау, өңдеу және қолдану мүмкін емес. Компьютер ақпаратты жеделдетіп өңдеудің негізгі құралы болып табылады. Инженерлік – техникалық, экономикалық есептерді шешу және логикалық есептерді компьютер арқылы шешу мықты программаларды талап етеді.
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында біздің мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Ұсынылып отырған курс информатиканың бағдарламалау бөлімі бойынша негізгі білімдерін меңгеруге жәрдемдеседі және тереңдетеді. Сонымен қатар математика пәніне бейімі бар 5 сыныптардың оқушыларына және логикалық есептер шығаруға қызығатын оқушыларға арналған.
Курсты оқып – үйрену интеллектуалдық мектеп түлегінің, оның арғы оқуын және кәсіби қызмет бағытының мақсатқа лайықтылығын тексеруге көмектеседі.
Тап осы білім беру курсын меңгерудің маңызды ерекшелігі – ол кәсіптік жоғары білім бастауын қайталамайды. Оның міндеті – алгоритмдік ойлауын математикалық құрамында дамыту.
Курс оқушылардың информатика негіздері курсынан алынған білімдеріне және іскерліктеріне сүйенеді. Оқу барысында оқушылардың өздігінен білім алуға, ұсынылып отырған сұрақтарға қажетті хабар іздеу қабілеттерін дамыту көзделеді.
Жұмыстардың негізгі нысаны - тәжірибелік іс – әрекет болып табылады. Бағдарлама 34-сағаттық курсқа негізделген.
Мақсаты:
Курстың басты мақсаты – ақпаратық әлем туралы түсінікті қалыптастыру, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, логикалық есептер шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту, компьютерді қызметтік құрал ретінде пайдалануды үйрету.
• Ақпараттық қоғамға бейнелеу,
• Ақпараттық, логикалық ойлау қабілетін дамыту,
• Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында оларды әлемдік ақпараттық білімділік кеңістікке даярлау,
• Күрделі логикалық есептерді шешуде ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
• Әрбір оқушының қызығушылығын ескере оқыту,
• Мамандық таңдауға дейіңгі дайындау деңгейлерін ұлғайту,
• Оқушыларды практикалық еңбекке баулу,
• Компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,
• Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілетін, оларды ғылыми мәліметтерде түсіну, ғылыми білімді өз бетінше игеру және қолдану.
Міндеті:
• Оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын және компьютерлік біліктілігін дамыту
• Компьютерлік сауаттылықтың басты міндеті - казіргі қоғамның ең негізгі құралы екенін, адам құқығын құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ оны ластауға, бүлдіруге қарсы белсенді күресуге, туған өлкені сүйе білуге тәрбиелеу.
• Қазіргі заманға сай компьютерлік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, ақпараттық материалдарда өздігінше жұмыс істей білетін, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қортынды жасай алатын адам тәрбиелеу.
• Шығармашылық жұмыспен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу.
• Курс сабақтарында шешілетін негізгі міндеттер - бұл өткенмен тақырыптарға талдау жасай білу, қазіргіні біртұтас етіп қабылдауды қалыптастыру.
Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар:
Оқушы нені білуі керек:
Сан және санның шығу тарихын;
Санау жүйесі, олардың түрлерін;
Логика және пікір, логика алгебрасын;
Логикалық операцияларды.
Оқушы нені үйрену керек:
Санау жүйелерімен есептеулер жүргізуді;
Сандардыбір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;
Логика түрлерін;
Логикалық операциялармен есеп шығаруды;
Ақиқат кестелерін тұрғызуды;
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Санның шығу тарихы;
2. Санау жүйелері және олардың түрлері;
3. Логика және Пікір ұғымдары;
4. Логикалық операциялар;
5. Логикалық ақиқат кестелері.
«Информатика пәнінен логикалық есептер шығару әдістері»
оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
№
Тақырыптар
Сағат
саны Оның ішінде Оқушылардың өздік жұмысына бөлінген сағат саны
Зертханалық жұмыстар
Бақылау жұмыстары
1 Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесімен танысу
1
Сан. Санау жүйелері (16 сағат)
2 Санның шығу тарихы 1
3 Санау жүйелері 1
4 Екілік санау жүйесі 1
5 Практикалық тапсырмалар 1 1
6 Сегіздік санау жүйесі 1
7 Практикалық тапсырмалар 1 1
8 Ондық санау жүйелері 1
9 Практикалық тапсырмалар 1 1
10 Он алтылық санау жүйелері 1
11 Практикалық тапсырмалар 1 1
12-13 Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру тәсілдері 2
14 Бақылау жұмысы №1 1 1
15 Бақылау жұмысы №2 1 1
16 Бақылау жұмысы №3 1 1
17 Тест 1 1
Логика. Логикалық операциялар(17 сағат)
18 Логика. Пікір ұғымдары 1
19 Логика алгебрасы 1
20 Логикалық операциялар 1
21 Логикалық көбейту. Конъюкция. 1
22 ЖӘНЕ логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
23 Практикалық тапсырмалар 1 1
24 Логикалық қосу. Дизъюнкция. 1
25 НЕМЕСЕ логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
26 Практикалық тапсырмалар 1 1
27 Логикалық терістеу. Инверсия. 1
28 ЕМЕС логикалық операциясының ақиқат кестесі 1
29 Практикалық тапсырмалар 1 1
30 Бақылау жұмысы №1 1 1
31 Бақылау жұмысы №2 1 1
32 Бақылау жұмысы №3 1 1
33 Тест 1 1
34 Курс бойынша қайталау 1
БАРЛЫҒЫ: 34
Оқушыларды курс бойынша бағалау
Бағалау түрі: әрбір практикалық сабақ белгілі баллдар өлшемімен бағаланады (сабақ тақырыбымен ұштастырылған жазбаша, ауызша жұмыстар).
Қорытынды бағалау оқыту курсының соңында өткізіледі. Сабақтың теориялық бөлімінің меңгерілуін тексеру-байқау түрі – тест.
Қорытынды бағаны шығару үшін келесі факторлар ескеріледі:
• оқушының практикалық жұмысы және семинар сабаққа қатысуының баллдары,
• қорытынды сабақта алған тест баллдары,
• оқушылардың курс басында және соңындағы салыстырмалы даму қабілетінің нәтижесі
№
Бағалау түрі Қойылатын
бағалаудың ең үлкен мәні (балл)
1 Сабаққа қатысуы 2
2 Сыныптағы жұмыс (дәріс кезіндегі және зертханалық сабақтағы белсенділік):
- зертханалық жұмысқа дайындық деңгейі;
- зертханалық жұмысты орындау сапасы;
- зертханалық жұмысты қорғау.
3
3 Өзіндік жұмысты орындау сапасы:
- үй тапсырмасын орындау;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- есептеу-графикалық жұмыстарды орындау;
- тест тапсыру ;
4
4 Аралық бақылау (коллоквиум) 3
Бағалаудың ең үлкен мәні (балл бойынша)
100
Бағалаудың ең кіші мәні (балл бойынша)
40
Қорытынды баға:
«5» - 75 - 100 балл – оқу материалын өте жақсы меңгерді,
«4» - 60 - 74 балл – жақсы дәрежеде меңгерді,
«3» - 40 - 59 балл – орташа,
«2» - 40-тан төмен балл – нашар дәрежеде меңгергенін көрсетеді
Қолданылған әдебиеттер
1. Н.Ермеков «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Жазушы, 2002 ж.
2. Б.Бөрібаев «Информатика және Есептеуіш техника негіздері», Алматы, Мектеп, 2006 ж.
3. С.Симонович «Специальная информатика», Санкт-Петербург , AST-пресс, 1998 ж.
4. О.Камардинов «Информатика» Шымкент 2000 ж
5. Б.Бөрібаев «Информатика»
6. Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б, Дәулетқұлов А. Информатикадан 30 сабақ.
7. Алматы: «ЖТИ», 2003ж.
8. Бөрібаев Б, Нақысбеков Б, Мадиярова Г. 9 сынып. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: «Мектеп», 2005ж.
9. Газет – журнал «ИФМ» Шекербекова Ш, «Дәуір», 2000ж.
10. «Жаңа ақпараттық технологиялар» Бастапқы курс. Омаров А.Ж, Тараз – 2000ж.
11. «Информатика негіздері» 2003 – 2009 жылдардағы журналдар.
12. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. 1997
13. «SinKaz» Электронды оқулық.
14. 7 сыныпқа арналған электронды оқулық
15. KazInform электронды оқулық
.
Интернет ақпарат көздері
1. http://www.uroki.net/docinf.htm
2. http://www.informatik.kz/uchprog.htm
3. http://www.internet.ru/
4. http://mektep260.forever.kz
5. http://mukhanov.ucoz.kz
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесімен танысу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқа кіріп, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ауызша, сұрақ - жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.
III. Жаңа материады хабарлау: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.
Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
3. Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т. б. өрт сөндiргiш құрал - жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
Жұмыс орнын ретке келтiру;
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 122 Kb |
Количество скачиваний: | 101 |