Информатика пәнінен сыныптан тыс жумыс.8 сынып
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Лескенова Айдана Конысбаевна
|
Танымдық зияткерлік сайыс
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің Информатикадан «Танымдық-зияткерлік» сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1-ші топ «8 а», 2-ші топ «8ә»,3-ші топ «8 б», 4-ші топ«8 в» топтары.
Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
«Танымдық-зияткерлік» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
Сайыс кезеңдері:
1 Үй жұмысы 3 мин (берілген тақырыптар бойынша бейне роликтер жасау)
«Менің мектебім»
«Менің сыныбым»
«Менің ұстаздарым»
«Мен оқушымын»
2 Білім сайысы 10-сұрақ (өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады, Актив пультпен жауап береді.)
3 Өнер сайысы (караоке) Сөзінің дұрыс оқылуы, әнінің дұрыс айтылуы, жылдамдығы бағаланады.
4 Бейне ролик көрсету (Бейне роликтен алған әсерін қағаз бетіне түсіру. Ойының ұшқырлығы бағаланады.)
5 Капитандар сайысы.
Ойын толқып жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып – деп, жарысымызды бастайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46.5 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |