Информатика сабағын пәнаралық байланыс арқылы оқыту жолдары.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Атырау қаласы Дамбы селосы. Амангелді орта мектебі. Информатика пәні мұғалімі: Мадагаева Ботагоз Бисембиевна Информатика сабағын пәнаралық байланыс арқылы оқыту жолдары. Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін оқытуда, ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек. Ш.А.Амонашвили. Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу үшін оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушының білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді тез игеруге жағдай жасап отыр. Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, олард жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады. Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – бұл компьютерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалануға бағытталған процесс. Мұндағы басты жаңалық – компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес, ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады: - білім мазмұнының мектептік компонентін жасау; - мектептің оқу жоспарын тиімді етіп жасау; - оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру; - оқыту уақытын бөлуді тиімді түрде жүргізу; - сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау; Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. Соңғы кезде біздің қоғамымызда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да бірсыпыра өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де президентіміз Н.Ә.Назарбаев та назар аударып, ол Республика мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын. Қазір біздің алдымызға қойған мақсатымыз – оқушыға терең де тиянақты білім беру, білім сапасын арттыру арқылы жеке тұлғаны даярлау. Білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді, яғни, педагогикалық технология ұғымы іс - әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы өз пәнін оқушыға терең меңгеріп, әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, оқу сапасын арттыру керек. Жалп оқытудың мақсаты әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау болып табылады. Ауыл мектептерінде информатика пәнін оқытуда түрлендіру, жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалану, әр оқушының күнделікті сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, сонымен бірге өзі игеріп, ізденіп, талдау жасап, пікір таластырып, шыңдалуына ықпал етеді. Заман талабына сай мектеп қабырғасында информатика пәнінен алған білімдерін басқа пәндерге пайдалану жолдарын іздену жұмыстарын бастадық. Оқу жүйесінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектептегі мұғалімдер пәндерді компьютерде қолданып оқытудың маңызы зор. Компьютер арқылы түрлі графиктер, сызбалар, суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға сызып, жазып түсіндіргеннен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Мұғалімдер сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютердің көмегімен оқушыларға түсіндірсе, сол арқылы әр бір жаңа тақырыпқа деген баланың қызығушылығы оянады және білімін арттырады. Информатика пәні – басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс – күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Осы педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген, зерттелуде. Информатика сабағында интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді. Компьютерді экология, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға қолдануға, информатиканы география, физика, химия, еңбек, құқық, бейнелеу өнері, математика пәндерімен медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады. Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі. Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды. Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білім есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүние танымы жан – жақты болады. Мектепте информатика пәнін оқытудың негізгі міндеті – ақпараттарды түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға өз үлестерін қосатын деңгейге жету үшін мектепте информатика пәнін түрлендіріп қызықты оқу тәсілдерін қолдану қажет. Мен сіздерге информатика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру барысында басқа пәндермен байланыстырып өткізген сабақтарымның үлгісін ұсынып отырмын. Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып оқыту оқушылардың өзіндік – танымдық сауаттылықтарын арттырады. Осы мақсатта 7 сыныптарда өткізген сабағыма тоқтала кетейін. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс. Мақсаттары: а) білімділігі: Құралдар тақтасын пайдаланып, бояу палитрасын қолдану арқылы сурет салуды меңгерту. б) дамытушылығы: Оқушылардың сурет салу кезінде фантазияларының оянуын, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. в) тәрбиелігі: Сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету. Сабақтың әдісі: Баяндау – практика Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі мен әдебиеті. Көрнекілігі: компьютер, буклет, сөзжұмбақ, интерактивті тақта. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Оқушылар нені білуі керек: сурет салу кезеңдерін, әрбір құралдың міндетін Оқушылар нені үйренуі керек: Paint графикалық редакторында керекті құралды таңдап, сурет салу. Салған суретті палитра көмегімен түрлі түсті бояумен орнату. Дайын суретті сақтау. Жоспар: І.Ұйымдастыру. Оқушыларды жинақтап, құралдарын тексеру, сыныпты түгелдеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Windows операциялық жүйесі дегеніміз не? 2. Қапшық дегеніміз не? Оның қызметі? 3. Файл дегеніміз не? 4. Есептер тақтасы дегеніміз не? 5. Терезе деген не? Оның элементтері қандай? ІІІ. Жаңа сабақ. - Оқушылар, біз Windows жүйесінің барлық объектілерімен таныстық. Олардың аттары мен атқаратын жұмыстарын үйрендік. Ендігі, кеелсі біздің танысып оқитын бағдарламамыз, Windows жүйесінің басты бағдарламаларының бірі – Paint графикалық редакторы. Бұл редактордың іске қосылуын, осында жасалатын барлық жұмысына тоқталамыз. Компьютерде әр түрлі типтегі мәтіндер жазып, оларды әр түрлі бағытта өңдеуге болады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептер шығарып, мәліметтер базасын құруға болады. Сондай – ақ суреттер салып, оларды өңдеуге болады. Paint графикалық редакторы – бұл Windows жүйесінің ең оңай бағдарламасы. Осы редакторде өздерің қалаған суретті салып, қңдеп, сақтап қоя аласыңдар. Құралдар тақтасының жұмысымн таныстыру:
Бүріккіш
IV. Компьютермен жұмыс. Paint графикалық редакторымен жұмыс жасап, үйренулері үшін берілген тапсырмалар: Жұмбақты шешіп, суретін сал: 1. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті – қызыл, сүті – тәтті. (қарбыз) 2. Өмірді өлшейді, Тіліңді алмайды, Ешкімнен сұрамай. Тетігін бұрамай. (сағат) 3. Торғын көкте қара құс, Қағып екі қанатын, Ағылып ұшып барады. Күннің көзін жабады. (бұлт) V. Графикалық диктант. Сурет салынып болғаннан кейін, графикалық диктант өтеді. Менің айтқан әр түрлі әрекеттерімді оқушылар компьютерде орындаулары тиіс. 1. Эллипс құралын пайдаланып, қар адамның денесін салу керек. 2. Тік сызық құралымен оның қолын, таяғын салу керек. 3. Бүріккіш құралы арқылы көзін, мұрнын, ілгегін салу керек. 4. Қисық төртбұрыш арқылы басындағы шелегін салу керек. 5. Қар адамның денесін көгілдір түске, шелегін қоңыр түске бояу қажет. 6. Салынған суретті сақтау қажет. VІ. БҮҮ стратегиясы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру. Білемін Үйрендім Үйренгім келеді Компьютердің құрылғыларын білемін. Windows объектілерінің жұмысын білемін. Себетке объектілерді салып, кері қалпына келтіруді білемін. Себетті тазалауды білемін. Графикалық редактор терезесін ашуды, сурет салуды, суретті түрлі түске бояуды, суретке мәтін жазуды Суретке әр түрлі графикалық объектілерді енгізуді, интернет арқылы түрлі сурет алуды, фотолармен жұмыс істеуді VІІ. Сөзжұмбақ шешу. Оқушыларды сергіту мақсатында, сөзжұмбақтар шешуге шақыру. 1. Компьютердің басты бөлігі 2. Манипулятор типті басқару құрылғысы. 3. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы 4. Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы 5. Компьютердің теледидарға ұқсас бөлігі 6. Paint қызметі ... салу.
VІІІ. Қорытындылау. Оқушылардың осы сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында, тест жұмысын жүргізу. 1. Paint дегеніміз - А) мәтіндік редактор Ә) графиктік редактор Б) операциялық жүйе В) программалық қабықша 2. Paint программасын іске қосу үшін: А) Мой компьютер – Проводник – Графикалық редактор Ә) Программы – Стандартные – Paint Б) Пуск – Программы – Стандартные – Paint В) Пуск – Paint 3. Графиктік редактор Paint терезесінің құрылымдық элементтерін ата. А) Жұмыс алаңы, саймандар жиыны Ә) Түс палитрасы Б) Жұмыс алаңы, саймандар жиыны, түс палитрасы, өлшемдерді өзгертетін маркерлер, қозғалту жолақтары В)Жұмыс алаңы, меню қатары. 4. Өшіргіш не үшін қажет? А) бейнелеу үшін Ә) өшіру үшін Б) экранды тазалау үшін В) сурет салу үшін 5. Машина бейнесін салу үшін қандай құралдар пайдаланылады? А) Тіктөртбұрыш, эллипс Ә) Көпбұрыш, эллипс, қарындаш Б) Түзу сызық, эллипс, қарындаш В) Өшіргіш, құю, бүріккіш 6. Құю (Заливка) құралы қандай қызмет атқарады? А) сызады Ә) құяды Б) бүркеді В) өшіреді 7. Суретті сақтау үшін: А) Файл – Сохранить Ә) Файл – Сохранить как Б) Файл – Создать В) Файл – Печать 8. Суретті қағазға басып шығару үшін: А) Файл – Принтер Ә) Файл – Печать Б) Файл – Сохранить В) Файл – Создать 9. Салынған суретті қалай ашады? А) Файл – Открыть Ә) Файл – Создать Б) Мой документы – Сохранить В) Файл – Создать ІХ. Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау, мадақтау. Х. Үйге тапсырма. 4 бөлім. 4.2.тарау. Осы сабақты өткізгеннен кейін, оқушылар суретті салумен қатар, суреттерді ашуды, құруды, түрлендіруді және сақтауды толық менгерді. Бұл редакторды оқушылардың меңгеруі онша қиынға соқпайды, бірақ та олардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін арттыруды сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы зор. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығушылығын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің ролі зор. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Осы мақсатта алған білімдерін басқа пәндермен ұштастырып өткізген ойын сабағымның жүрісін ұсынып отырмын. Сабақтың тақырыбы: Озық ойлы оқушы. Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері. Сабақтың мақсаттары: Бұл сабақ ойын сабағы болғандықтан сынып оқушылары екі топқа бөлініп, өздері қалаған аттарын қояды. (Монитор, Модем). Сабақта қолданылатын ойын түрлері: 1.«Бәйге ойыны». Оқушылар 1 минутта сұраққа жауап берулері керек. 1. Алғашқы есептеу құрылғылары. (саусақтар) 2. Пернетақта дегеніміз не? (Енгізу құрылғысы) 3. Бит деп нені айтады? (Екілік кодтың әрбір разрядын) 4. Компьютердің атасы кім? (Ч.Бээбидж) 5. Ақпараттың неше түрі бар? (мәтіндік, графикалық, символдық) 6. Компьютер жанына қоятын өсімдік? (кактус) 2.«Жорға ойыны». Сұрақтың жауабын, компьютерде орындайды. 1. Математикадан сұрақ: 12+48*389есебін компьютерде қалай шығаруға болады? (Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор) 2. Информатикадан сұрақ: Компьютердің тілі деп нені атайды? (Монитор) 3. Қызықты сұрақ: 3 әке мен 6 бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді. (1 атасы, 2 әкесі, 4 немере) 4. Тарихтан сұрақ: Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған? (1946ж. АҚШ) 3. «Шешендік өнер». Мақал – мәтел сайысы. (Мақалдың бір жолы беріледі, көп нүктенің орнына сөзін тауып, жауабын беру) І топ. 1) Білекті ...жығар Білімді ... жығар. 2) ... ала болса ауыздағы кетеді ... түгел болса төбедегі келеді 3) Ерлік елдің ... Жүректілік жігіттің ... ІІ топ. 1) Үйде ... күн ұрыс болса, ... күн ырыс кетеді. 2) ... кісі бір жақ Қыңыр кісі бір жақ 3) Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені. 4. «Көкпар» ойыны. Қарама – қарсы пікірлер бойынша ой толғау (Қолдаушы және қарсы пікір). Тақырыптар: «Компьютерсіз өмір жоқ!», «Компьютерсіз де өмір сүруге болады!» Сабақты қорытындылау. Ойын бөлімдері бойынша ұпай қойылып отырады, әр топтың жинаған ұпай санына қарай жеңімпаз топ анықталады. Үй тапсырмасы: Қазақ халқының ырым – тиым сөздері, жеті жұт, жеті қазына тақырыптарына материалдар жинап, реферат жазып келу. Оқушылардың компьютерді пайдаланып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында 8 сыныпта өткен «Информатика әлеміне саяхат» сыныптан тыс шарасының жүргізілуін ұсынып отырмын. Шараға 2 топ қатысады. І топ – «Ақпарат» тобы, ІІ топ – «Жасұлан» тобы. І жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Информатика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ойын толқып, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. ІІ жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып. І жүргізуші: «Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралдарының бірі – ойын екені белгілі. Алдымен ойынға шығатын 2 топты ортаға шақырайық. ІІ жүргізуші: Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар І тур «Бәйге» турын бастаймыз. Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз Шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз. 1. Аталған байттар тізбегі. (файл) 2. Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы? (сканер) 3.