Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

"Описание материала:

Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Өзіндік әдіс-тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің жаңа педагогикалық технологиялары :

- білім беруді ізгілендіру ;

- дамыта оқыту технологиясы ;

- ойын арқылы оқыту технологиясы ;

- деңгейлік саралап оқыту технологиясы ;

- ақпараттық оқыту технологиясы ;

- тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы ;

- модульдік оқыту технологиясы ;

- сын тұрғысынан ойлау технологиясы ;

 - проблемалық оқыту технологиясы; т.б.

Оқытудың тиімділігін, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін өз са-бақтарымда сыни тұрғыдан ойлау мен жазу технологиясы, М.Жанпейісова-ның ”Модульдік оқыту технологиясы”, Н.Оразахынованың ”Сатылай кешен-ді талдау әдістерімен” жұмыс жүргізуді қолға алып жүрмін. Бұл технология-лардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабі-леттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді. Әде-биет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер. “Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолда-нылады:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны ашу;

3. Ой – толғаныс. Мысалы өз тәжірибемнен 8-сыныпта Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Ма-мыр» дастанын өткенде оқушылар 1-сабақта мазмұнын меңгерсе, келесі са-бақта талдау жұмыстарын жүргіздік. Осы сабақты СТО әдісі бойынша топтап өттік, қызығушылығын ояту мақсатында интернеттен Шәкәрім Құдайбердіұ-лының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет алдым және оқу-шыларды мәнерлеп, келістіріп оқуға жетелеу мақсатында Мамырдың Көке-найға айтқан сөзін тыңдаттым, Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінің клипін көрсеттім. Ал «Мағынаны ашу» бөлімінде шығарманы талдау үшін 4 топқа 4 түрлі тапсырма бердім.

І топ Образдар жүйесіне талдау

ІІ топ Поэтикалық тіліне талдау

ІІІ топ Композициялық құрылымына талдау

ІV топ Өлең құрылысына талдау жасайды. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғын-дырса, жаңа тақырыпқа деген баланың қызығушылығы оянады деп ойлай-мын. Модульдік технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың үлгерім сапасының өсуі байқалады, жалпы дамуда алға жылжу бар. Оқушылардың белсеңділігі артуда, ауызекі сөйлеу дағдысы дамып, пәндік–сөйлеу тілі, назар, ес, ойлау, пәнге деген қызығушылық жоғарылуда, өз бетінше білім алуға бағыт беру болып табылады. Модульдік оқыту технологиясы қазақ тілі сабақтарында оқушылар білімін жүйелеуге, білімді сапалы меңгеруге толық мүмкіндік береді.

Оқу үдерісінде шығармашылық көңіл-күй туғызатын мұға-лім мен оқушы арасындағы өзара сыйластыққа негізделген ізгілікті қарым-қатынас орнатуға тырысамын. Сондықтан оқушыға қысым көрсетпей, оларға деңгейлік тапсырмаларды таңдауына мүмкіндік беремін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ: Танымал ұстаз Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» әдісін бүкіл қазақстандық ұстаздар өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс тіл сабағында болсын, әдебиет сабағында болсын, өз нәтижесін көрсетуде. Тал-дау жасай отырып оқушы өз ойын дәлелдеуге үйренеді, нақты, дәл жауап беруге тырысады, зерттеуге, салыстыруға жаттығады, өтілген жаңа тақырып-тың қыр-сырын толық меңгереді . Сонымен бір сабақтың үстінде бірнеше жаңа технологияның элементтерін пайдалануымызға болады деп ойлаймын. Сабақтың басты мақсаты –тек тех-нологияларды қолдану ғана емес, сонымен бірге оқушыларға әр түрлі жол-дармен білім беру және бекіту.

Жалпы қазіргі күнгі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда сын тұрғысы-нан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, «Де-бат» технологиялары, тіл дамыту технологиялары түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың тек қана мұғалімнің ғана емес, оқушы бойында да, қызығушылық тудырары сөзсіз.Себебі, бала жаны жаңашылдыққа құмар келеді. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жа-ңа технологияларды қолдануда, біріншіден, мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы ке-ңейеді. Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру –бүгінгі күн-нің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 48.19 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 170

Похожие материалы