Инновациялық қызмет - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының факторы
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Шубаева Нургуль Мейрамовна
Здесь была ссылка на работу Инновациялық қызмет - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының факторы автора Шубаева Нургуль Мейрамовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі. Балабақша– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.