“Әріп таңдау” ойыны.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Әр оқушы өзіне бір әріпті А. Ә. Б. В. Г. Ғ. Д. Е. тағы басқа әріптерді таңдап алады. Ойын басқарушысы:  -Сен қандай әріпті алдың  -А әрпін.  Ойынды басқарушының берген сұрақтарына одан әрі тек А әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып отырмай, тез айтуы шарт. Мысалы:  -Сенің атың кім?  -Асан.  -Фамилияң кім?  -Ахметов.  -Қайда барасың?  -Алматыға.  -Немен барасың?  -Автобуспен.  -Онда не өседі?  -Алма, алмұрт, апельсин.  -Сені Алматыда кім қарсы алады?  -Айман.  -Оған сыйлыққа не әкелдің?  -Айна, альбом, атлас.  2. «Кім шапшаң?» ойыны.  Бұл ойын оқушыны жылдамдыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйретеді. Ой өрісін дамытады. Мұғалім бір дыбысты айтады. Мысалы: «Т» дыбысынан басталатын сөздерден сөйлем құрайды.  Таудың табиғаты тамаша.  Талғат, Таңшолпан, Темір, Таңат төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.  3. Тек “С” дыбысынан басталатын жұмбақ.  1. Сұйық зат.  2. Зат есім немесе дене мүшесі.  3. Дақыл атауы.  4. Жемістің атауы.  5. Сан есім.  6. Жоғарғы оқу орнының оқушысы.  7. Өсімдік атауы. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 79.5 Kb
Количество скачиваний: 53
Просмотров: 281

Похожие материалы