Интелектуалная игра для 2 класса

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар Сабақтың мақсаты: 1.     Бастауыш сыныптың негізгі пәндері бойынша мүмкін, міндетті деңгейдегі тапсырмалар жайлы білімдерін тексеру. 2.     Танымдық ақыл-ой,  логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту. 3.     Өз ойларын нақты, дәл айта білуге баулу,жылдамдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, тұгендеу. Назарларын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық. Шырылдады қоңырау, Біз сайысты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп достарға, Алға қадам аттаймыз. Олай болса балалар «Тапқыр достар» интелектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Сайысқа 4 топ қатысады. Әділқазылар алқасын сайлау. Сайыстың бөлімдерімен таныстыру. І кезең. Таныстыру. ІІ кезең. Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру) ІІІ кезең. Бәйге. (Топ басшылары 1 минут ішінде мақал-мәтелдер айту) IV  кезең. Биік мұнара. Қазақстан деген сөзден жаңа сөз жасап шығарады. V кезең. Кім білгір? (ребус шешу) І кезең. Таныстыру. ІІ кезең. Кім жылдам? Сұрақтарға жауап беру.  1 топ Абай жолы романын жазған кім?   Мұқтар Әуезов Диалог дегеніміз не? Шығармада екі немесе бірнеше адамның сөйлесуін диалог деп атайды. Абайдың анасы кім?   Ұлжан Үш арыстың үлгілері кімдер? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. 2 топ 1.     Аңыз дегеніміз не?   Өмірде болған адам басынан өткен уақиғаны аңыз дейміз. 2.     Ертегінің неше түрі бар? 3 түрі бар. 3.     Жұрнақ дегеніміз не? Жұрнақ сөздің мағынасын өзгертеді. 4.     Сөйлем дегеніміз не? Неше түрі бар? Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнің 3 түрі бар. 5.     Қазақстан Республикасының конституция күні қай күн? 30 тамыз 6.     Шаршы дегеніміз не? Шаршының барлық қабырғалары тең болады. 7.     1 метрде неше сантимерт бар? 1 метрде 100 сантиметр бар. 8.     Барлығы 9 сәбіз бар. Осы сәбіздерді 3 қоянға тең бөліп бер. 9-3-3-3=0 9.     Ауаның қасиеті. Иіссіз,түссіз,көзге көрінбейді. 10.           Сабақтың атқаратын қызметі қандай? Сабақ тыныс алуға қатысады.Тамырдың қоректік заттардың жоғары көтеріліп бүкіл өсімдік бойына таралуына көмектеседі. 3 топ 1.     Өлең жазатын адамды кім дейміз? Ақын 2.     Абай жолы романын жазған кім?  Мұқтар Әуезов 3.     Түбір дегеніміз не?    Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі 4.     Қосымшаның неше түрі бар? Қандай? 2 түрі бар. Жұрнақ ,жалғау 5.     Диалог дегеніміз не? Шығармада екі немесе бірнеше адамның сөйлесуін диалог деп атайды. 6.     Бір сағатта неше минут бар?    60 минут бар. Бірліктерін қосқанда 18, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы санның қосындысын жаз. Қосындыны азайтумен тексер. 19+19=38     38
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 211.91 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 134

Похожие материалы