«Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары»
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Исина Мадина Сатбековна
|
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауында оқыту үдерісіне заманауй әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор делінген. Осы Жолдауды қолдай отыра, оқушыларға білім берудегі басты мақсат білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға міндеттіміз.
Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттайтын білім беруде. Сондықтан тарих пәнін оқытуды көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды тиімді пайдалана білу, мұғалім алдында тұрған бірден- бір міндет. Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 4.13 Mb |
Количество скачиваний: | 8 |