Интернет туралы негізгі түсініктер.

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі бойынша

 ғаламтор желісін пайдалана білмейтін бастауыш класс мұғалімдеріне ғаламтормен жұмыс жасап үйрету.

 

Интернет

Интернеттің негізгі түсініктері

     Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей айдармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз.       Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің  бір біріне жалғануын айтады.

    Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлеіп қтынауын қамтамасыз ету.

    Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық.   Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.

    Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер  ақпараттық ресурстарды құрайды.

   Компьютерлік желідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді.

   Соңғы жылдары интернет ұғымының мағынасы кеңейі ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес, ол қандай да бір ақпараттық кеңістікті құрайды.

   Интернетте жұмыс істеу дегеніміз – шындығына келгенде толығымен алғанда   Интернетте емес, тек оның коптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.

Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандай да бір ережелерге сай өзара қарым қатынаста болатын хаттама деп аталатын программалар жұбы. Осы жұптың программасының біреуі сервер, екіншісі – клиент деп аталады.

   Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файлдарды жіберу үшін арнайы FTP қолданбалы хаттамасы пайдаланылады. Сәйкесінше, Интернеттен файл алу үшін мынадай іс-әрекеттер жасау қажет:

·        Компьютерде FTP клиенті болып аталатын программа орнату;

·        FTP қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бір мысал, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.

 

Интернетке қосылу

Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

·        Компьютерді Бүкіләлемдік желінің бір торабына жалғау;

·        ІР-адресті алу(Интернетке қосылған адамның тораптық адресі);

·        Таңдап алынған Интернет қызмет түрінің прогрмма-клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім – шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екіге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
Ал коммутаторлық байланыс – уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиілігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп торапқа түседі және керісінше.

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.

Басқа құрылғылар сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу – Баптау – Басқару тақтасы – Жабдықтарды орнату құралының көмегімен орнатады.

 

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу

 

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін Желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім-Желіге қашықтан қатынау-Жаңа байланыс)

Порграмманы баптау кезінде Интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек:

·        Байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі;

·        Қолданушының аты;

·        Паролі

·        Сервердің адресі

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.49 Mb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 148

Похожие материалы