Исследовательная работа по тему "Андыз өсімдігінің пайдасы"

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мазмұны

-Зерттелетін зат: Андыз өсімдік тамырының адам ауруына емдік қасиетін зерттеу.

Зерттеу әдістері:

1.Оқулықтардан және ғаламтордан алған мәліметтерді талдау.

2.Андыз тамырын пайдаланып тәжірибе жасау.

а) Тамырды күзде жинап кептіру

ә) Кептірілген тамырды қайнаған суға салып тұнбасын тамақ ішер алдында жарты сағат бұрын стақанның 3/1 бөлігін күнде ішу.

б) Спиртке немесе араққа тамырды салып жылы жерге 15-20 күнге тұндырып қойып аяқ-қол сырқырағанда жағу

в) Жылқы малы жөтелгенде ауыздыққа байлап қойып 1аптада салқыннан айықтыру.

Зерттеу нәтижесі:

Андыз өсімдігі Біздің Байзақ аулының Сарыкемер аулының маңында өсетінін біліп 2013 жылы күз мезгілінде әкеммен барып тамырын қазып алып оны таза, құрғақ жерде кептіріп алдық.

Андыздың тамырын адамға салқын тиіп жөтеліп ауырғанда оны суға әбден жуып тамырдың кішкене бөлігін жарты литр суға қайнатып суын сүзгіден өткізіп тамақ алдында стақанның 3/1 бөлігін 4-5 күн ішкенде жөтелді сап тидырды. Әкем мен анам қол аяғы салқыннан сырқырап ауырғанда спиртке немесе араққа андыздың тамыр бөліктерін салып бірнеше күнге жылы жерге қойып қояды. Қойылған заттың түсі қызыл түс береді. Содан кейін ауырған жерге жағуға болады және оны ас қасықпен бір қасық ішсе салқынды ағзадан қуып шығады.

Андыз тамыры тек адамға емес жылқы малы салқыннан жөтелгенде менің әкем аттың ауыздығына байлап 10 күндей емдеді. Сонда 10 күн ішінде аттың жөтеліп ауырғаны кетті.

Андыз өсімдігінің тамыры салқынмен ауырғанда емдік қасиеті өте күшті екендігін білдім.

Кіріспе

Андыз өсімдігінің бірнеше түрлері бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Әсіресе көп таралғаны биік андыз және қара андыз. Осы андыз түрлері зерттеліп олардың адам ағзасына емдік қасиетінің бар екендігін ойлап табылып, дәрі дәрмектер жасауда Қазақстанның бірнеше қалаларында жасалып шығарылады.

Ол дәрі преператтарының атаулары Аллантон, Қайпатпа,Девять сил сусыны. Бұл дәрілер бауыр ауырғанда, буын ауруларына, салқын тигенде қолданылады. Бұл өсімдіктер Қазақстанда ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан. Андыз өсімдігінің тамырын күз мезгілінде қазып алып 3-4 күн қақтап кептіріп алады. Оны құрғақ жерде сақтайды. Андызды барлық ауруларға ем десек те болады.

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.

Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.

3

Негізгі бөлім

Андыз өсімдігіне сипаттама

Андыз(Іnula) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.

4

Андыз өсімдігінің түрлері

Андыздың бір түрі. Қара Андыз.

Қара Андыз (Іnula grandіs) – күрделі гүлділер тұқымдасына, андыз туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық таулы аймақтарындағы дымқыл жерлерде, ормандағы шабындықтардың ішінде, таулардың, тасты жерлердің қара топырақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 60 см-ден 2,5 м-ге дейін жетеді. Сабағы тік, қырлы, бұтақтары жуан, жапырақтары ірі, көбінесе түп жағына орналасқандары ұзынша, жиегі ирек, сопақша келеді. Сабағындағы жапырақтары жүрек немесе жұмыртқа тәрізді. Сабағы мен тамырының дәмі ащы, ерекше иісі бар. Гүлдері сары, гүл себетінің диаметрі 7 – 10 см-ге дейін жетеді. Жемісі – цилиндр тәрізді, 4 қырлы, тықыр дәнек. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте дән салады. Сабағы мен тамырының құрамында – инулин, инуленин полисахаридтері, сапониндер, аздаған алкалоидтар, Е витамині және эфир майы бар, жапырағында ащы зат болады. Медицинада емдік мақсатта гүлі мен тамыры пайдаланылады. Халық медицинасында тұнбасын тыныс жолдары, асқазан, ішек аурулары кезінде, сондай-ақ өкпе туберкулезіне, ревматизмге қарсы ішеді. Қара Андыз гүлі мен тамырының спиртке ашытылған тұнбасымен безгекті емдейді. Қара Андыздың тұнбасын қақырық түсіру үшін ішеді.

Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады.

5

Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады

Жағда Бабалық этногроф.

Қара андыз» деген шөп. Қайнатпайды. Спиртке не болмаса араққа салып қойып, тұнба жасайды. Өзі қып-қызыл болып шығады. Былтыр бір тойға бардым. Сол тойда алпыстың үстіндегі бір адам келіп, амандасып, жалпақтап жатыр. Кім екенін танымаймын. Семейден келіпті. «Жәке, сізге рақмет айтайын деп келдім» дейді. Неге десем, «осыдан жиырма жыл бұрын астмамен ауырып, тура өлуге жақындап, әбден әлсірегенде біреу айтты дейді, «ей, сен Жағдаға баршы» деп. Содан сізді іздеп Алматыға келсем, сіз ауылға кетіп қалыпсыз. Ауылға іздеп барып, жұрттан сұрасам: «Жаңа ғана бір-екі адаммен былай қарай кетіп қалды. Қолында күрегі бар» деді. Артыңыздан қуалап, шөп теріп жүрген жеріңізден таптым. Амандасып, хал-жағдайымды айтып едім, үндемей тұрып қалдыңыз да, «жүр» деп ертіп барып бір жерден бір шөпті күрекпен қазып, тамырын алдыңыз. «Мынаны қайнатып ішесің...» деп, қолдану әдісін айтып болғаныңызша қасыңыздағы екі адам сізді шақырды. Сіз күректі сол жерге тастадыңыз да кетіп қалдыңыз. Мен тұрып қалдым. Бір ғана шөпті не істеймін? Өзім сонау Семейден келдім. Әлгі шөптер қаптап тұр. Күректі алдым да бір қап шөпті бір-ақ қазып алдым. Содан сіздің айтқаныңыз бойынша іштім де ауруымнан құлантаза айықтым.

6

Андыздың тағы бір түрі

Биік андыз (лат. Inula helenium) - Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік, андыздың бір түрі.

Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.

Таралуы:ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.

Дайындалуы: Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.

7

Химиялық құрамы: Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар.

Қолданылуы: Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.

Дәрілік препараттары: Қайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусыны

8

Зерттеу бөлімі:

Андыздың адамға пайдасы

Бауыр ағзаның басты сүзгісі. Бауыр шлактанғанда адамдардың жиі басы ауырады,түнгі ұйқысы бұзылады, тәбеті болмайды. Сондай уақытта:

Шайшөп (зверобой продырявленный) шөбі, түй-мешетен (пижма) гүлдері, мыңжапырақ шөбі, дәрі түй-медақ (ромашқа аптечная) гүлдері, шоңайна (лопух большой) тамыры, итмұрын (шиповник) жемістері, шалфей шөбі, андыз (девясил) тамыры, қызылтаспа таран (горец птичий) шөбі, үштармақ итошаған (череда трехраздельная) шөбі. Әрқайсы-сынан 10 г алады. Осы қос-паның 1 ас қасығын 0,5 л қайнаған суда тұндырады. Кү-ніне 3 рет тамақ ішер алдында 30 минут бұрын 1/3-1/2 стақаннан ішеді.

Дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын сақтау ерекшелiктерi

Дәрiлiк өсiмдiк шикізатын құрғақ, ауасы таза үй-жайда жақсы жабылған ыдыста:

дәрiханаларда - шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшiктерде;

қоймаларда - түктерде немесе жабылған жәшiктерде, стеллаждарда сақтау қажет.

Кесілген шикiзат талшықты қаптарда, ұнтақтар - қосақталған қаптарда (ішкiсi - қағаз, көп қабатты, сыртқысы - талшықты қаптарда) сақтайды.

Эфир майларынан тұратын дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын жақсы тығындалған ыдыста оқшау сақтайды. Андыз түбiрлерiн, кориандр мен арша жемiстерiн, арник пен жөке гүлдерiн хлороформмен қабаттастырып, осы топтағы қалған шикізатты хлороформсыз сақтайды, өйткенi ол эфир майларының ұшып кетуiне әсерiн тигізедi.

Гигроскопикалық қасиеттерi бар шөптердi, жапырақтарды, жемiстер мен түбiрлердi герметикалық тығындалған және қажет болған жағдайда парафин құйылған (жалбыз жапырақтары, бүйрек шайы, тiкенек түбiрi) шыны немесе металл ыдыста сақтайды.

Кептiрiлген жемiстердi сақтау кезiнде оларды қойма кемiргiштерiнен сақтау үшiн жемiстерi бар жәшiктi хлороформды сауыттармен араластырады, хлороформ буларының ұшып кетуi үшiн олардың тығындарына түтiкшелер енгізiледi. Хлороформды олардың ұшып кетуiне қарай қосады.

Өсiмдiк қосындыларын дәрiлiк заттарды сақтаудың жалпы ережелерiн қолдана отырып сақтайды.

Дәрілiк өсiмдiк шикізатын нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес дүркiн-дүркiн бақылап отыру қажет. Қалыпты бояуын, иiсiн жоғалтқан және ықпал жасайтын заттарды талап ететiн, сондай-ақ көгерген шөптердi, түбiрлердi, түбiршектердi, ұрықтарды, тұқымдарды жарамсыз деп есептейдi. Қойма кеміргiштерi болған жағдайда көгеру дәрежесiне байланысты шикізатты жарамсыздандырады немесе қайта өңдеу мен бақылаудан кейiн кәдеге жаратады.

Сақтау кезiнде жүрек гликозидтары бар дәрілiк өсiмдiк шикiзатына айрықша назар аударылады. Бұлар үшiн неғұрлым қатаң сақтау мерзiмдерi тағайындалады және биологиялық белсендiлiгiн мiндеттi түрде қайта бақылау мақсаты көзделедi.

Эмдемиктер тобына 29 түрлі өсімдік кіреді. Оның ішінде ҚР «Қызыл кітабына» енген 20 шақты түрі кездеседі, олар Қаршыл шүйгін шөп, Ярмоленко қызыл қайыңы, Альберт құртқа шашы, Пістем жуасы, Заравшан аршасы, Қатпарлы шұбар шөп, Алматы кекіресі, Витрок рауғашы, Алатау бәйшешегі, Шолпаншаш сүмбілі, Адонис, Тянь-Шань адонисі,Кауфман ирекжапырағы, т.б.

Сонымен қатар жеміс беретін жабайы өсімдіктерге бай, олар: шетен, бөріқарақат, құлпынай, қара барбарис, долана, шырғанақ, итмұрын, қой бүлдірген, құлпынай, таңғурай және дәрілік өсімдіктер: шәйқурай, жұпаргүл, киікоты, уғарғасын, чабрец, жалбыз, мыңжапырақ, семізот, андыз, қара-андыз, тамыры тәтті мия, алтынтамыр, қылша, тамырдәрі, усасыр (папоротник), мақсыр маралтамыры т.б. Күрделі гүлдердің 32 түрі

9

(7%), бозшөптер 25 түрі(9,2%), шытыргүлдер 17 түрі (6,1), шатыргүлдер 15 түрі (5,5%), бұршақтылар 13түрі (4,8), ерінтүстестер 13 түрі (4,8) құрайды.

Андыздың тамыры Азияның шығыс бөлігінде өсетін андызды Шыңғыс хан тараты деген аңыз бар. Андыздың дәрілік қасиетіне сенген Шыңғысхан атты армияны сақтап қалу үшінәрбәр әскеріне өздерімен бірге андыздың тамырын алып, басып алған жерлеріндегі шалшық сулы, сазды жерлерге егуді бұйырады. Сонда сол жердегі су тазарады, әскер, ат сол жерден таза су ішіп ауру-сырқаудан аман қалады деген түсінік қалыптасқан.

Андыздың негізгі тамыры жуантық, көлбей өседі. Көлбеудің үстінен сабақ шығарып тік өседі. Жапырақтары сабағына орай жабысып өседі. Жоғары гүл шоғырына барғанда сопақша үшкіл гүлдері көрініп, бөлектене бастайды. Сабағының түсі жасыл үш қырлы болып келеді. Тамырының сырты жасыл, іші ақ болып келеді. Сындырып қарағанда іші қуыс, ауа жүретіні байқалады. Сабақ бастарында ұзындығы 12 см дейін жететін гүл шоғыры болады. Гүл түсі жасыл , көк болады. Гүл шоғы ортасында қызыл жемісі сияқты жемісі өсіп тұрады. Бірақ бұл табиғи отаны Қытай мен Үндістанда ғана көрінеді. Ал бізде басқа да өңірде өскендері тұқым бермейді. Тек тамырынан өседі.

Андыз көне заманнан бері бауыр, буйрек ауруларын емдеуге, жүрек қалыптан тыс соққанда, зәрді жүргізетін дәрі ретінде қолданған. Оның тамыр сығынды шырынын көзге тамызғанда көру мүмкіндігі артып, есте сақтау қабілеті сақталған.

1.Қан қысымы төмендегенде жарты шай қасық,тамыр үгітіндісін ашылау шыққан бір стакан шайға қосып, ірі жолы 3 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бір аптаға жалғастырса нәтижесін көруге болады. Шайға қосатын мөлшерін асырып жібергенде жүрек қағып, кері әсері болуы мүмкін. Одан сақтану керек.

2.Аллергия барысын жеңілдеті үшін андыздың бір үлкендеу тамырын алып, ұнтақтап,1 литр 40 градустық спиртке салып, 20 күн жылы жерге қояды. Осыдан соң сүзіп астан соң бір шай қасықты бір стакан қайнаған салқын сумен ішеді. Астан сон күніне екі рет. Мұны ішіп жүргенде ет жеуге болмайды.

3.Есте сақтау қабілетін жақсартып, ерлердің қуатын күшейту үшін андыз тамыр ұнтағын тең мөлшерде балмен араластырып, жарты шай қасықтан ас алдында күніне 3 рет жейді. Бір емделу барысы 15 күн.

4.Буын ауруларына тамыр ұнтағын ысқылап, сүртіп жылы орайды. Қоғамдық транспортта жүрегі айнып, құсқысы келетін адамдар, сапарды көтере алмай қиналатын жүкті әйелдер андыз тамырынан шайға шағындап салып ішетін болса, жайлы сапар болады.

5.Асқазан жұмысы бұзылып, ыңғайсыздық туындаса, жарты стакан ақ иогуртқа жарты стакан қайнаған су, бір шай қасықтың төрттен біріндей андыз бен мускат жаңғағының үгітіндісін қосып ішсе, ауру тоқтайды.

6.Бас ауруынан құтылу үшін бір шай қасық андық тамырының ұнтағын жылы суға араластырып, қоймалжың дәрі жасайды. Осыны екі шекеге, мұрының екі жақтауына, жаймалап жазып қояды. Осы кезде жыбырлатып күйдіргендей болса одан қорқудың қажеті жоқ.

7.Шиқанның ортасындағы өзегін тартып шығару үшін жарты шай қасық андыз тамырының ұнтағын сондай мөлшердегі куркуммен қосып, қоймалжың дәрі жасайды. Соны шиқан үстіне тартады.

8.Бұлшық еттердің шаршап, сынып ауыруына 2-3 ас қасық андыз тамырының үнтағын 10 минут шағын суға қайнатып, шоылатын астаудағы суға қосып шомылады. Бұл ауырғанды азайтып жеңілдік әкеледі.

«…Халық денсаулығы ол — Қазақстанның өзінің стратегиялық

мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.

10

Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайындаудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайлар жасалып жатыр

Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.

Елбасы Жолдауы жолдарынан

-Елбасының биылғы Жолдауында айтылған мәселе тоқсаныншы жылдардан кейін де көтерілген болатын. Ол уақытта фармакология кафедрасының меңгерушісі академик Райса Көзденбаева болды. Ол ғылыми жұмыстармен айналыса жүріп, қызылмайды препарат ретінде ғылыми түрде дәлелдеп, мемлекеттік тіркеуден өткізуге үлкен еңбек сіңірді. Әлі есімде, Райса Көзденбаева Алматыға барған сапарында қызылмайдың авторы Перепилицамен кездесіп, бір бөшке қызылмай алып келді. Сөйтіп майды түрлі зертханалық тексерулерден өткіздік. Яғни, қызылмайдың дәрілік өнім ретінде қолданысқа енгізілуіне біздің ғалымдар үлкен үлес қосты. Осыдан кейін оқу орнының ғалымдары арасында неге өзіміздің өңірде өсетін өсімдіктерді зерттеп, осындай емдік май шығармасқа деген ұсыныс айтылып, көп ұзамай іске кірісіп кеттік. Әрине, аталған жұмыстың күрделі әрі қиындығына қарамастан, бастаманы аяқсыз қалдырған жоқпыз. Өсімдіктерді жинау, оларды зерттеу, сараптамалық, клиникалық, химиялық, радиациялық тексерулерден өткізу, денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін анықтау, тәжірибе жүргізу, барлығы ұзақ уақытқа созылды. Зерттеу жұмыстарының барлығы өзіміздің шағын ғылыми зертханада жүзеге асты. Бұдан кейін фармакологиялық комитет арқылы тексерулерден өтті. Жалпы, бір өсімдіктен емдік май сығындысын алу үшін 7-8 жыл уақыт керек. Мәселен, соңғы мемлекеттік тіркеу 2008 жылы өткізілді. Осындай ұзақ уақыт еңбектің нәтижесінде бес түрлі май сығындысын, яғни мия, ошаған, андыз, қалақай, шүкір майын дайындадық. Оның ішінде шүкір майы полифитті, яғни бірнеше өсімдіктер майының қоспасынан дайындалса, қалғаны бір ғана өсімдіктен алынды. Мәселен, мия майы гинекологиялық ауруларға, ал қалақай қан аздық ауруларына бірден-бір ем. Бұдан бөлек аталған андыз өсімдігінің тамыры адам ағзасына тигізер пайдасы ұшан теңіз, — дейді М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің фармакология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Надия Мавлюдова.

Тәжірибе кезі: Мен салқын тиіп ауырғанда стақанның ішіне андыз тамырының бөлігін салып ,оған қайнаған суды құйып бірнеше сағаттан кейін тамақ ішер алдында жарты сағат бұрын күнде 3рет іштім. Сөйтіп жөтелгенімді 1 аптада сап тыйдырды
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 2.63 Mb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 228

Похожие материалы