Жалпы білім беретін орыс тілді мектептің 4-сыныбына арналған қосымша құрал

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Тапсырмалар түсініп оқуға, көшіріп жазуға, ережені қолдану, салыстыру және тақырып бойынша затты, іс-әрекетті сипаттауға бағытталғанда ғана бағдарлама мақсаты орындалады. Мысалы, «Отбасы» тақырыбы. 4-сынып. 1-тапсырма. Отбасы мүшелеріне қатысты сөздерді анықтап, көшіріп жазыңыз. Әпке, сіңлі, нағашы, ана, іні, ұстаз, аға, дәрігер, ата, ұшқыш, әке, оқушы, қарындас. 2-тапсырма. Жіңішке  буынды сөздерді бір бағанға жуан буынды сөздерді екінші бағанға жазыңыз. Әкем, анам, ағам, сіңлім, інім, әпкем, қарындасым, әжем, атам, отбасым.3-тапсырма. Осы сөз тіркестерімен суретті қолданып, 5-7 сөйлем құрастырыңыз. Сонымен білімді әлеуметтік тәжірибеде қолдану үшін оны қабылдап қана қоймай, түсіну және саналы меңгеру керек. Оған әсер етер факторларды қарастырайық:4-тапсырма. 7-9 сөйлем арқылы суреттегі заттарды, отбасы мүшелерінің іс-әрекеттерін сипаттаңыз. Керекті сөздер мен сөз тіркестері: үстінде - на верх чего-л, жүресінен-сидеть на корточках, екі қолымен –обеими  руками (здесь), диванның түсі, шұлығы, ойнап отыр, ілініп тұр, әжесінің көйлегі, тоқып отыр, қабырғада, пісіріп жатыр, аяғында(ғы), шәрке(сі), басындағы орамалы. Сонымен үш тапсырманы орындаған шәкірт төртінші тапсырманы қиналмай-ақ жасайды. Басында айтып кеткендей ұстаз сабақта оқыту міндеттерін жүзеге асырып қана қоймай, тұлға белсенділігін де арттыру қажет. Сондықтан біртектіліктен арылып, салыстыру және қатар қою, жіктеу және жүйелеу сияқты ойлау операцияларын іске қосатын тапсырмаларды ұсынған жөн.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.86 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 152

Похожие материалы