Здесь была ссылка на работу Статья о работе детского сада автора Тлекбаева Айгуль Жексеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
БҚО, Ақжайық ауданы, МКҚК «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы, Тлекбаева Айгүл Жексенқызы-балабақша әдіскері Баланы балабақшаға келуге дайындау және бейімдеу жолдары (Мектепке дейінгі ұйым психологтарына кеңес) Танымайтын ортада жарты сағат болудың өзі балаға өте ауыр тиеді. Сондықтан алғаш балабақшаға барған бала жаңа ортаға бірден бейімделіп кете алмайтындықтан, ата-аналарға бірнеше ақыл- кеңес ұсынамыз: · Баланыды бөгде (таныс емес) адамдармен, үлкендермен, балалармен қарым - қатынас жасауға бейімдеңіз. · Балалар саябағына, мерекелерге, ойын алаңдарына үнемі апарып, құммен ойнауға үйретіңіз. · Достарының туған күніне балаңызбен бірге барып, өзін қалай ұстайтынын бақылаңыз (ұялшақтығы, балалармен тіл табысуы, еркін сезінуі т.б.) · Мамандардың айтуынша баланың балабақшаға баруы өте маңызды. Балабақшада тәрбиеленген бала мектепке баруға ғана дайындалып қоймай, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан да дайындалады. Егер қолыңыз бос болса, баланы төртке толғанша анасы өзі баққаны дұрыс. Себебі, бұл жасқа дейін сәби анасына тым жақын болады да, анасынан бөлек өмірге көнгісі келмейді, қыс бойы ауырып, мазасы кетеді. · Балаңызды балабақшаға берердің алдында балабақшамен және тәрбиешімен, балалармен таныстырып, баланың назарын таныс ойыншықтарға аударыңыз. Балаңызға не ұнайтынын, не ұнамайтынын, қандай дағдыларды меңгергендігін, қандай көмек керек екендігін, мадақтау мен жазалаудың қандай түрін қолдану тиімді екендігін анықтап алыңыз.