Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған "Ауылым алтын бесігім" атты бағдарлама

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ауданымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары, ұстаздар мен ата-аналар!

 

2-жүргізуші:

Қайырлы күн,қымбатты қонақтар!

 

1-жүргізуші:

Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған Нұрлыкент ауылдық округінің «Ауылым – алтын бесігім» атты фестиваліне қош келдіңіздер.

 

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышты қанат қып, саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталған-ау.

 

2-жүргізуші:

Ауыл десем, мал елестер көзіме,

Ауыл десем дән елестер көзіме.

Ауыл десем ер саламын құр атқа,

Ауыл десем ән естілер құлаққа.

 

Ән: Айдарова Райханның орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:

Туған жерде бақыт деген бар құсың.

 Туған жерсіз – бейшарасың,

 Жарлысың.

 Аңсаудайын аңсап келдім алыстан.

 Ауыл - ана, аманбысың,

 Армысың?!

 

Ән: Әбілез Шерханның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

 

 

 

2-жүргізуші:

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Ломоносов мектебінде оқып жатқан

Кішкентай бүлдіршіндерді қарсы аламыз.

 

 

Би: Жорға тобының орындауында «Аралар» биін қабыл алыңыздар. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 43.5 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 159

Похожие материалы