Жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін арттыру мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:
Әлеуметтік педагогикалық және психологиялық аспектіде жасөспірімдік кезең  басқа жас кезеңдерімен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгеймен және танымдық мотивацияның жоғары деңгеймен ерекшеленеді. Сонымен бірге жасөспірімдік  кезең - әлеуметтік қауым, яғни ол әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Жасөспірімдік кезеңнің осы ерекшілігін есепке алу – мұғалімнің әр оқушыға педагогикалық қарым-қатынас серіктесі ретіндегі, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр.  Тұлғалық,  іс-әрекеттік тұрғыдан жасөспірім оқушы белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде  қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты, тұлғалық бағдарланған міндеттерін орындау деген ерекше бағыттылық тән. Өзiндiк сана-сезiм және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің педагогикалық мәні мен оны  зерттеудегі теориялық көзқарастарды бірге топтастыратын болсақ, онда олардың ортақ  пікірлері бірегеді. Яғни, жеке өзіндік сана-сезім мәселесі даму тарихының ментальды  рефлексиямен синтезделген адамның өзіндік болмысы ретіндегі көзқарас И. Кант, И. Фихте, Г. Гегель, М. Хайдеггер, М. Шеллер, А. Шопенгауер, П. Рикер, М. Фуко, В. Библер және М. Бахтиннің философиялық еңбектерінде табылған. Бұл идеялар әлеуметтік  ғылымдар үшін жалпы болып табылатын сәйкестілік ішкі өзін-өзі жүзеге асыру және сыртқы контексттің нәтижесі ретіндегі көзқарастың пайда болуында маңызды рөлге  ие болды. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.69 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 103

Похожие материалы