Жастардың киімі. Қазақ тілі 7 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Әр елдің өзіндік этнографиялық табиғатына қарай, елі мен жеріне сай киім үлгісі бар. Ұшқыр ойды ою – өрнекпен зерделеген ұлтымыздың киімі ол бір ғажайып дүние! Алайда, қазіргі тәуелсіз қазақ елі жастарының келбеті толғандырады.

Жастарымыздың күнделікті көшеге киетін, қызметтік не болмаса сәндік кешкі киімдерін алатын болсақ, қолдары кесілген, балақтары қиылған, алды – артында айқыш – ұйқыш әлемді суреттермен безендірілген, қазаққа жат шет тіліндегі жазулармен /тіпті ұятты мағынада/ киім кию үлгісі үрдіске айналды. Оны түсінгенмен, жастар «Өзім білемге» салынып, көңіл аударғысы келмейді. Ол аздай - ақ, жыртылған не тозығы жеткен киім сияқты үлгідегі сәнді үстіне жапсырған қыздарымыз бір сәт ойланбастан ұялмайтын болды. Ал, шетелдік сән үлгісімен тіктірілген не төменгі жағының көбісі ашық, тіптен аса тым қысқа көйлектерді киген қыздарымыз өздерін әлемдік сән алаңында жүргендей басқаларына тәкаппарлық танытатын болды. Осы қаншалықты дұрыс, дін – динаятымызға сыйымды ма, осыған жауап іздеп көрейікші. Қазағымыз «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек» деген. Бүгінде ағаштан жапырақ кетпегенмен жастарымыздың үстінен шүберек кетуде. Қазақтың сәнінде көзге іліп аларлық салтанат қалмады. Матасы жетпегендей денесіне жабысқан, тыртысқан тар көйлек, жалбыраған шаш, жез тырнақ, қызыл ерін, бопаланған бет, ұзын аяқ пен жыртық санды шалбарлар, қысқа шортылар қазақ өмірінің сахнасынан орын алған. Ал, «Нағыз қазақ» ұлттық бейнесін жоғалтқандай. Анасының алдында кіндігін көрсеткен қыз, әкесінің қасында қысқа шорты киген ұзын сирақты бала, енесінің алдына төсін көлденең тарта ашқан келіні, атасының алдында шашын жайған кенсап!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.77 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 166

Похожие материалы