"Жақсы дос үшін жан пида" атты тақырыпта 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Каниева Гулден Умиртаевна
|
Айы, күні, жылы.
Сыныбы. 6
Сабақтың тақырыбы. Жақсы дос үшін жан пида.
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне
тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын
қадағалау.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру. Достықты бағалауға,
әрқашанда досына көмек көрсетуге үйрету.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік
қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
ІV Жаңа сөздер.
ренжу – обидеться
теріс қарау – отвернуться
дос- друг
ұялу – стыдиться
үшін-для
V Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құрап жазу.
2 – тапсырма. Жұптастырыңдар.
Менің досым Біздің досымыз
Сенің досың Сендердің достарың
Сіздің досыңыз Сіздердің достарыңыз
Оның досы Олардың досы
VІ Тақтамен жұмыс
«Дос» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
1 – тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
3-тапсырма. «Дос» туралы мақалды жаттап ал.
Жүз теңгең болғанша- жүз досың болсын.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
Дос дегеніміз не? (сұхбаттасу).
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.81 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |