Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырып:     Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Құндылық:  дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер:    жақсы, жаман

Мақсаты:  Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білу және өмірде қолдана білуге үйрету

Міндеттері:   -   жақсы, жаман туралы түсінік

-         жақсы мен жаманды салыстыра білу

-         жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

 

 Тыныштық сәті

Баяу ән қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім: «Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап-жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді,- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз? (ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы!» Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.28 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 151

Похожие материалы