Жасыл желек -2014 мектеп алдын көгалдандыру

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Презентации
Автор:

Парамоновка орта мектебінің жазғы демалыстағы  оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру   бойынша  өткізілген іс-шаралар  туралы   талдауы.

       Мектептегі  оқушылардың   жазғы   демалыс кезіндегі  бос уақытын  ұйымдастырудың    мақсаты:    Оқушылардың   демалысын  тиімді   пайдалануына   және    сауықтырылуы мен  демалысы   үшін  қажетті   жағдайларды   жасау,салауатты   өмір   салтын  қалыптастыру,оқушылардың   денсаулықтарын   нығайтуына ,шығармашылық  еңбегіне ,өздерінің жеке-басы    қабілеттерін  іске   асыруы үшін  қажетті   жағдайларды   қамтамасыз  ету  бос уақытын қызықты   әсерлі   өтілуін  ұйымдастыру.

   Мақсатқа  жету  үшін   әр  оқушымен,әр  лагер,әр  отряд,әр  іс-шараны    тәрбиешілер мен  жетекшілер жүйелі  түрде  жоспарлай  отырып  нақты  күтілген   нәтижеге  жетті. 

      Мектепте     «Ақбота» сауықтыру  лагері  1-4 сыныпта  маусымнан-шілде   айына  шейін  І-ІІ кезең   бойынша  1 маусынан-11 шілде   аралығында  барлығы 127  оқушы  қамтылды.І кезең  бойынша  23 аз қамтылған, 1 мүгедек,1 жетім,2 патранат оқушы,6 аз қамтылған,3 көп балалы   отбасы,4 тубвираж оқушы  қамтылды

  ІІ кезең  бойынша

   «Ақбота» сауықтыру   лагері   бойынша  І-ІІ  кезеңге  барлығы 500000 теңге   қаражат  бөлінді.

      Жетім ,ата-ана қамқорлығынсыз  қалған ,аз қамтылған ,көп балалы  отбасы ,сәтсіз  жанұя.қауіпті  топтағы   оқушылар бойынша   лагерден тыс   сауықтыру  бойынша   «Лесная  сказка» лагеріне   демалу  үшін  150 000 теңге қаражат  бөлініп 10 оқушы   демалды.

           «Қайрат» спорттық  лагері  бойынша 5-10 сыныптар  арасында   маусымнан-шілде   айына   шейін   барлығы  169   оқушы қамтылды.

     І-ІІ-ІІІ кезең  бойынша    оқушылармен  сағат:  5-7 сыныптар 9:00-ден -12:00 және   8-10 сыныптар  15:00-ден-18:00-ге шейін  кесте  бойынша кезектесіп спорттық  жарыстар,сайыстар  өткізді.

    «Қауіпті топ» есебінде   тұратын оқушылар ,жетім және  ата-ана  қамқорлығынсыз қалған,тубвираж  есебінде  тұратын   оқушылар  ерекше   қадағалаумен   ұйымдастырылып  бокс,футбол,волейбол спорттық іс-шараларға қатысты, «Компьютерлік клуб» үйірмесіне  «мектеп алаңындағы  еңбек   тәжірибесі  кестесі »  бойынша    күнделікті   жетекшісі Булак А.И,Каримова Г.С   жетекшілігімен   тағайындалған  оқушылар  жеке  бақыланып қадағаланды.

       Әр спорттық   іс-шаралар  бойынша    оқушыларды    сайыстар,жарыстар  өткізгенде  жазғы   демалысындағы  бос уақытын  керемет өткізуге   қолдау көрсетіп    мақтау , қағаздарымен   марапаттап    олардың    жетістіктерін   кезең  аяқталған  кезде  міндетті  түрде   есепке   алып  олардың  қызығушылығын  арттырып,шығармашылық жетістіктерін   бағалап  отырды.

            «Профильдік» шығармашылық    лагер бойынша   8-10 сыныптар арасындағы   дарынды    оқушылармен  жеке-дара шығармашылық   сайыстар,9-10  сыныптар  арасындағы  келесі   оқу  жылындағы  ҰБТ-ға   дайындық ретіндегі  негізгі   пәндер қазақ тілі   әдебиет,орыс  тілі әдебиет,математика  ,биология,физика , пәндері  бойынша   аптасына 2 сағаттан   дайындық  сабақтар  өтілді.Барлығы  38  дарынды  оқушы  және   55  оқушы  9-10 сыныптар  бойынша   қатысты.

     «Жасыл желек» атты  мектеп алды   учаскелік  алаңдағы   көгалдандыру   бойынша  1 отряд  10 оқушы   маусымнан-тамыз  айына  шейін    қамтылды.

      «Жасыл ел»  отряды  бойынша   аз қамтылған 3 оқушы   жұмыс жасады.

     «Отбасылық  шаруашылық» отряды   бойынша  1 жанұя   2 оқушы   жұмыс жасады.

      Мектептегі 1-10 сыныптар  бойынша  барлығы 303 оқушы  сауықтырылумен  және  еңбекпен  толық қамтылды.

   Тиімді   демалу ,денсаулықты   жақсарту, шеберлікті  көрсету,танымдылық,шығармашылық,қоғамдық  және өзіндік  белсенділікті  көрсету,қоршаған ортамен  қарым-қатынас   сияқты  қағидаларды   тәрбиешілер,жетекшілер,оқушылар   болып  мүлткісіз орындап  өздеріне   қуаныш пен шаттық  сыйлады.

    Әр   іс-щараларда  «Патриоттық», «Рухани-адамгершілік», «Құқықтық  саяси  тәрбие », «СӨС» атты   тәрбие  бағыттары  бойынша  толық  іс-шаралар  қамтылды  және  насихаттай  отырып   қызығушылықтарын  арттыратын   нағыз  қызықты   демалыс   ұйымдастырылды.

Мектеп директоры:         Т.Коядар

 

ДТЖО:            К.Игай 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 19.77 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 114

Похожие материалы