Жақсылықпен жаным дос (Топтық сайыс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, бастауыш сынып бүлдіршіндері! Бәріңізге белгілі осы аптада «Бар әлемге қуаныш сыйла!» атты өзін- өзі тану апталығы өтуде. Осыған байланысты бастауыш сыныптар арасында өткелі отырған «Жақсылықпен жаным дос» атты топтық сайысқа қош келдіңіздер! Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Жақсы адам қол үшін беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылықты жасау- биік адамгершіліктің белгісі. Қоғамның саналы азаматы ретінде өзіңді қалыптастыру үшін ең алдымен өзіңді танып білу керек.Әрқайсысымыз бар қабілеттерімізді жетілдіріп және өзіміздің бойымыздағы кемшіліктерімізді түзетуге тиіспіз.Бүгінгі сайысымыздың мақсаты да осы болмақ. Енді осы сайыстың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.08 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 193

Похожие материалы