«Жай бөлшектерге амалдар қолдану»

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Қайталау сабағы «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» Гулмира Бөкебаева Шұңқыркөл№11орта мектептің мұғалімі Осакаров ауданы.  Қарағанды облысы Түсінік хат.       Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты- арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектің, шығармашылық ойлауын дамыту ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Шығармашылық- негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет. Дәстүрлі емес сабақтарда оқушылардың жауапкершілігі жоғары болады, оқушы өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке басының қасиеттерін пайдалануға, өз білімін бағалауға, алған білімін практикада пайдалануға, өз еркімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Мұғалім үшін мұндай сабақтар біріншіден әр қырынан көріп, түсінуге, олардың жеке ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан өзінің идеясын жүзеге асыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 557 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 115

Похожие материалы