Жеті ата

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақ тақырыбы:  Жеті ата Сабақ мақсаты:               білімділік:  өз елін, жерін, қадірлеуге, улкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетіп, жеті атасын білуге баулу.             дамытушылық: сөздік қорын байытып, зейінін тұрақтандырып, ойлану, салыстыру қабілеттерін арттыру. тәрбиелік: ата-баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу. Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих Сабақ барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі:1. Сәлемдесу2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау3. Психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау4. Сабаққа дайындықты тексеру5. Оқушы назарын ұйымдастыру6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашуІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтың  64 бетіндегі 4-тапсырма.Мақалдарды жазу.Топқа бөліп постер қорғауІІІ. Жаңа материалды зерделеу. Киелі сан жеті деген,Байланысты жетіменен.Көп ұғымы халқымыздыңБелгісіндей салтымыздыңЖеті қабат көк жер үстіЖеті қабат жер асты.Жеті Жарғы-заң жетіҚазынамыз бар жеті.Жеті атамыз-жеті жұрт,Ағайынды жеті құт. (Е.Өтетілеуов)Сабақтың тақырыбы: Жеті ата. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем                         Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем  Не, немесе, я, яки, не болмаса, әйтпесе, әлде         Жексенбіде атамның үйіне барамын                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      немесе                                                                                           үйде сабаққа дайындаламын8-тапсырма. Сол жақтағы бағанадан сөйлемнің логикалық жалғасын тауып, талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің астын сызыңдар.Жеті атаны үйрету әке-шешенің                жетесіз боп өтесің.Жеті атаңды білмесең,                                не болмаса ата-әженің борышы.Не әке-шешең                                              я жиенім отырар. Бұл жерге я нағашым,                                немесе жақын туысың келсін.                       Сергіту сәті «Қызыл өрік«Видеоролик «Әке мен бала»«Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын білер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер», – деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді.                         Мәтінмен жұмысӨз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.     Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке­ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі­нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді.                                                Сөздікпен жұмысАта – дедушкаӘже – бабушкаНағашы – родственники по линии материЖиен – племянник, племянница по женской линииНемере – внукШөбере – правнукТуыстар – родственникиДәстүр, салт, әдет-ғұрып – обычаи и обряды, традиция Оқулықпен жұмыс.5-тапсырма. Оқулықтың 64 бетіндегі 5-тапсырма, сұхбатты толықтырІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем ереже9-тапсырма. Мақалдарды оқып,жаттап алуV. Қорытындылау. VI. Бағалау.  Өзін-өзі бағалау.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38.5 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 152

Похожие материалы