Жж дыбысы әрпі және
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Тлеукабылова Жулдыз Тлековна
|
Здесь была ссылка на работу Жж дыбысы әрпі және автора Тлеукабылова Жулдыз Тлековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы және әрпі Мақсаты: Білімділік: Ж дыбысын сөз ішінен бөліп,дұрыс айтқыза білу.Ж әрпін таныту.Ж әрпі бар сөздерді оқи және жаза білу. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту . Тәрбиелілік:Оқушыларды таза,әдемі көркем жазуға тәрбиелеу. Құрал -жабдық: Суреттер,жусан,жолбарыс,қима әріптер. Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап Түрі:Аралас сабақ Типі:Жаңа білімді меңгерту Пәнаралық байланыс:Дүниетану ,қазақ тілі Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Амансың ба,алтын күн Амансың ба,көк аспан Амансың ба,достарым Сендерді көрсем қуанам. ІІ Үй тапсырмасы - Осындай жақсы көңілмен өткен сабағымызға оралайық.Өткен сабақта Б,С,Ы, дыбыстарын өткен болатынбыз.Сонымен сендерге сұрақ. 1.Б дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі? 2.С дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі? 3. Ы дыбысы қандай дыбыс, сөздің қай жерінде кездеседі ? Сөздер оқыту Бала Сана Ыдыс Бота Сона Шыны Арба Маса Тауық Дорба Аспан Қасық Өткен сабақты қайталау мақсатында Ойын «Әріп тастамақ» Шарты :әріптерді таратып беремін.Сол әріп бойынша сөз ,сөйлем құрау. ІІІ Жаңа сабақ -Балалар, бізге жолбарыс қонаққа келіпті. -Балалар,мынау ненің суреті? -Қоңыздың. -Ол қалай дыбыстайды? -жжж Жұмбақ Түн шымылдық ашқаннан Жымыңдайды аспаннан Көп шырақтың аты не? Қай әріптен басталған? (Жұлдыз,Ж әрпінен басталған ) Жүзім ,жүзік,жапырақ ,жаңғақ суреттерін көрсету . Жаңғақ сондай қатты Және сондай тәтті Ал жұмыртқа қуыс Іші оның уыз Желпілдеген жалау Көңілдегі алау Жүйрік мінген жолдас Ұзақ жолдас болмас. ЖұмбақтарАспай піскен Қайнамай түскен (жеміс) Жазда жоғары тұрады Күзде жерге түседі.(жапырақ) Жол,жолбарыс ,жылан Басталады «Ж»-дан -Осы барлық айтылған сөздердің басында қандай дыбыс естіліп тұр? - «Ж» дыбысы «Ж» дауыссыз дыбыс.Созылып,әндетіліп айтылмайды,ауыз қуысында кедергіге ұшырайды. -Балалар ,сыныбымызда «Ж» дыбысы кездесетін бала немесе қыздар ма? Жар-бол А-ру-жан Жан-са-я Мағ-жан Буынға бөлдірту. Ж дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі екен. Ж дыбысы дауыссыз болғандықтан, оны қолымызбен апарып көк қалташаға саламыз. Ойын «Суретті билет» Шарты: Берілген суреттердегі Ж дыбысы бар сөздер айту Оқулықпен жұмыс -Бағанмен берілген сөздерді 1 минут беремін,дайындалып алып оқимыз. Жаға жота жалау жуас жантақ Жаса жуа жасау жуан жусан -Барлығына оқытамын. -Келесі бізге мәтін берілген Жусан туралы түсінік беру. Қазақстанда 80 нен астам шөп түрлерінің ішінде жиі кездесетіні-жусан. Шөп Жусан -Балалар ,мынау қандай шөп деп ойлайсыңдар? -Иә ,жусан -Бұны қайдан көрдіңдер? -Иә, далада өседі,малдар оны азық етеді. Далада жусан мен жантақ көп кездеседі. Ал, енді мәтінді оқиық. Кәне ,кім оқиды? Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды. Сергіту сәті. Жан-жағыма жантайдым Жапырақтай жалпайдым «Ж» дыбысын жаздым да Жарға қарай шалқайдым. Кеспе әріптермен жұмыс Жара,жаға, Жанар,жас,жан, сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау. Дәптермен жұмыс Оң қолымызды жоғары көтеріп,қаламымызды ұстап,Ж әрпін ауаға жазайық. Дәптерімізді ашайық Қолға қалам аалйық Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық Тақтаға Ж ж әрпін қалай салынатынын түсіндіріп көрсету. Ж ж әрпін үлгі бойынша дәптерге жазамыз. Ойын «Жоғалған буын» Жаса Жаға сөздерінен жоғалған буынды оқушыларға таптыру. Ойын «Жапырақ жинау» Жаман,жаса,жаға,жалау,Олжас,Айжан, сөздерін оқыту Қорытынды: Сұрақ-жауап арқыл қорытындылау -Ал, балалар бізге қонақа келген Жолбарыс қайтқысы келіп тұр. Сендерге рақмет айтып жатыр,сабаққа жақсы қатысқаныдарыңыз үшін және де дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, сөздерді оқи алғандарыңа өте риза. Ал,енді бізде Жолбарысқа «Сау болыңыз,»-дейік. Балалар,сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Әлде де көп оқып,үйренейік. Балаларды мадақтау
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
15.42 Kb
|
Количество скачиваний:
|
32
|
Просмотров: 191
Похожие материалы