«Жұлдызды сәт»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты:

  • 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
  • 2.Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қортындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа, дағдыландыру.
  • 3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
  • Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы
  • Түрі: Сайыс сабақ
  • Көрнекілігі: буклеттер, интерактивтік тақта
  • Барысы:

Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 5«а», 5«ә», 5«б», 5«в» сынып оқушылары 4 топқа бөлініп қатысады.

Дарындылар тобы.Тапқырлар тобы.Ұшқырлар тобы.Қырандар тобы

Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгісін көрсетеді

Ойын шарты:

Жүргізуші: Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусундаған жас өрендер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде

Жүргізуші: Шақырамыз 4 топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал

Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

Жүргізуші: Ал, кәнекей сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

( сөз кезегін әр топқа береміз)

  • 1.Топтар өздерін таныстырып, ұрандарымен төс белгілерін таныстыру.Буклеттерін таныстыру
  • 2."Математика" сұрақтары
  • 1)Бұрышты өлшейтін құрал? ( транспортир)
  • 2)Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?( 180)
  • 3)Теңдеу дегеніміз не?
  • 4)Шеңбердің диаметрі неше радиусқа тең?
  • 5)Квадраттың ауданының формуласы?
  • 6)Периметр дегеніміз не?
  • 7)Ең кіші жай сан?
  • 8)Құрама сан дегеніміз не?
  • 3.Викториналық сұрақтар (сандардан тұратын жұмбақтар)

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)

2. Бір тонна мақта ауыр ма?

Бір тонна темір ауыр ма?(бірдей)

  • 4. Бес ін, бес іннің айызы бір ін (қолғап)
  • 5. Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр жолы көп (қалам)
  • 6. Елу тісті, екі қолды ( екі кісілік ара)
  • 7. Бөлмеде 2 ит, 3құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?(20)
  • 8.Түйе бота маң басқан,
  • Төрт аяғын тең басқан.
  • Шұнақ құлақ бес ешкі,
  • Қос лақты қос ешкі.
  • Екі қозылы екі қой
  • Бәрін бірге санап қой(15)
  • 4.Өз өнерін көрсету
  • 5.жүргізуші: Ал кәнекей балалар
  • Құлақ салшы сөзіме
  • Сұрақ берсем берейін
  • Логикадан өзіңе
  • 1.Жүздің жартысын 2-ге бөлгенде неше болады?(25)
  • 2.Екі жарым кг ет 2,30 сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі?(2,30)
  • 3.1,2,3.... 99 сандарында 5 цифрі неше рет кездеседі?(20)
  • 4.Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?(1,2,3)
  • 5.Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?( жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
  • 6.Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?(4 сағат)
  • 7.Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?(4)
  • 8.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)
  • 6.Жүргізуші: Математикалық мақал- мәтелдер.
  • 1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
  • 2. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді
  • 3. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл
  • 4.Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына.
  • Алтау ала болса ауыздағы кетеді
  • Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
  • 4.Алты аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңгең бірігіп шеше болмас
  • 5.Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі
  • 6.Қырық кісі бір жақ , қыңыр кісі бір жақ
  • 7.Жалқаудың екі досы бар:
  • Бірі- ұйқы, бірі- күлкі.
  • 8.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды
  • 7. Жүргізуші: топтар жаңылтпаштарды айтады
  • Сабақты қортындылай келе әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Оқушыларды марапаттаймыз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.53 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 125

Похожие материалы