Жылу құбылыстары Жаратылыстану 5-сынып
Предмет:
|
География
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Толеутаева Аягоз Серикбаевна
|
Здесь была ссылка на работу Жылу құбылыстары Жаратылыстану 5-сынып автора Толеутаева Аягоз Серикбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жаратылыстану (5 сынып) Тақырыбы: Жылу құбылыстары (флипчарт) Мақсаты: 1. Жылу құбылыстары туралы түсінік беру 2. жаратылыстану ұғымдары мен заңдылықтарды дамыту, оқушыларға сарамандық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру 3. Табиғатты құбылысты бақылай білуге, қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Термометр, құрғақ отын, суық және ыстық су бар стақан, резеңке шар, қасықтар темір, ағаш, пластмасса, бөтелке. Сабақтың әдісі: Интербелсенді тақта функцияларының көмегімен жаңа білімді меңгерту. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (смайликтің 3 түрін көрсету) 2. Үй тапсырмасын тексеру ( жасырын тест) 1. Табиғат құбылыстары дегенді қалай түсінесің? (табиғатта болатын барлық процестерді (өзгерістер) айтады) 2. Қандай құбылыстарды білесіңдер? (физ, хим, биолог, метеорол, жылу бөлу, дыбыс шығару, жарық шығару, электрлі, магнитті) 3. Адам өзінен жарық шығара ала ма? (жоқ, шығара алмайды, тек көре біледі) 4. Жер бетіндегі ең күшті жарық көзі( Күн) 5. Қандай жарық көздерін білесіңдер? (табиғи күн сәулесі, кейбір жануарлар, таң шапағы, жасанды - алау, шам электр лампалары т. б) 6. И. Ньютон қандай тәжірибе жасады. Түсінік беріңдер. (Ақ түстің өзі күрделі екендігін дәлелдеді. Жарық сәулесі бағытына қарай үш қырлы шыны призманы қойып, одан әр түрлі - қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір, қою көк және күлгін түс екенін анықтады) 3. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жылу құбылыстары». Сабақтың мақсаты: (оқып беру) Физика патшалығы өмір сүрген Заңдары салыныпты дана тілмен Патшалыққа саяхат жасай жүріп Әр адам табиғаттың сырын білген, - дей отырып жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақтың жоспары: 1. Жылу құбылыстары туралы түсінік беру 2. Термометрлердің түрлері, құрылысы 3. Сарамандық жұмыс - оқулықтың 94 беті (дәптермен жұмыс) 4. Заттардың жылу өткізгіштік қасиеті 5. Жылудың алмасуы Мақал - мәтелдер: 1. Отты үрлеген жағады Шындықты іздеген табады. 2. Теректің жылуында мін жоқ. Бірақ жылуында мән жоқ. 3. Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен 4. Көсеуі ұзын болса, қол күймейді. 3қасықпен: темір, ағаш, пластмасса Түсіне қарай да жылу біркелкі қабылдана бермейді. Мысалға: қара түс жылуды жақсы қабылдайды, ақ түс - аз қабылдайды. Сол себеті де оңтүстіктегі климаты ыстық аудандардың тұрғындары ақ түсті киім киеді. Антарктида мәңгі мұздықтармен жамылған, сондықтан күн сәулесінен бөлінетін жылуды қабылдамайды, шағылысады. Климаты соған сай суық болып келеді. Видео қойса Аравия, Африка, Аляска адамдардың ақ, жылы киіммен жүргенін) 4. Жылу алмасу қасиеті 5. Жылу алмасу – екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі 5. Адамдар Күннің жарығы мен жылуына тәуелді, жер бетіне белгілі бір мөлшерде түсетінін білеміз, егер осы мөлшерден асып емес аз мөлшерде түссе жер бетіндегі барлық компоненттер өзгеріске ұшырайды, тепе - теңдік өзгереді. Сондықтан атмосферамыздың экологиясына назар аударайық. Ол үшін қазақ айтпақшы «бір тамшы судан теңіз құралады деп, бізде өз тарапымыздан табиғатты қорғайық: ол біздің сенбіліктеріміз, ауланы сыпыру, қоқыстан арылту, гүл отырғызу, ағаш кесу, әктеу т. б. Табиғаттың тарылтпайық; мөлдір – кәусар бұлағын. Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын Сондықтан, табиғатты қорғау біздің азаматтық борышымыз. 6. Сабақты қорытындылау. (10 сұрақ инетрбелсенді тақтада жұмыртқамен жұмыс жасау - оқушылар) Мұғалім қорытындылауы: (берілген сөз тіркестерін таңдап, өз ой пікіріңмен аяқта) ең қызықты болғаны.... маған ой салғаны... маған ұнайды.... 7. Бағалау: 8. Үй тапсырмасы: 1) Жылу құбылыстарына 5 мысал дәптерлеріңе жазып, суретін салып келу. 9. Смайлик көрсету 10. Уақытқа байланысты «Жылы» сөзіне ассоциация құру, жылы тілек айту.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
29.98 Kb
|
Количество скачиваний:
|
74
|
Просмотров: 313
Похожие материалы