“Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.” (Есептер шығару)-8 сынып
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Хайрлина Наргуль Бекболатовна
|
Сабақтың тақырыбы:“Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылусыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.” (Есептер шығару)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша өтілген формулаларды бір жүйеге келтіру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін арттыру, шығармашылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:практикалық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, дидактикалық материалдар, су, шар, май шам, мақта, спирт, фольга қағазы, есептер топтамасы
Сабақтың барысы:
I. Сыныпты ұйымдастыру
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Сабақ мақсатымен танысу
III. Үй тапсырмасы
Постер қорғау
1-топ:Заттың меншікті жылусыйымдылығы
2-топ: Отынның меншікті жану жылуы
IV.Физикалық эксперимент
1)Керекті құралдар: май шам, 2 шар, су.
Бірінші шарды үріп, май шам жалынына ұстаймыз. Шар жарылады. Екінші шардың ішіне су құйып, шамның жалынына ұстаймыз. Шар жарылмайды. Неліктен?
2)Керекті құралдар: 2 дана қатты қағаз, фольга қағазы, мақта, спирт, бензин, тамызғыш
2–дана қатты қағаздың бетіне фольганы орналастыру. Фольганың бетіне мақтаны орналастыру. Екі мақтаның бетіне тамызғышпен біріне – спирт, ал біріне – бензин тамызу. Бір мезгілде сіріңкемен жағу. Спирт пен бензин толық жанып болғаннан кейін, фольганы ұстап көру. Фольга қағазы қалай қызды? Қай отын түрі толық жанғанда көп энергияны шығарды?
V.Есептер шығару
1-топ
№ 1. Массасы 1, 5 т кірпіштен жасалған пешті 100С –тан 200С – қа жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?
№ 2. Массасы 3 кг оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген, Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер.
№3.Алюминий білеушені өңдеу кезінде оның температурасы 200С-тан 4200С-қа дейін артты. Алюминийдің массасы 5 кг болса, оның ішекі энергиясы қаншаға өзгерген. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 920 Дж/кг0С.
№4. Массасы 10 кг тротил толық жанғанда 1,5*108Дж энергия бөліп шығарады. Тротилдің меншікті жану жылуы неге тең?
2- топ
№1. 440*107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? Табиғи газдың меншікті жану жылуы 4,4*107 Дж/кг.
№2.150С-та суды 1000С-қа дейін қыздырғанда, оның ішкі энергиясы178,8кДЖ-ге артты. Судың массасын анықтаңдар.
№3.Массасы 200г керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді?
№4.Массасы 1 кг қорғасынды 1000С-қа дейін қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалады. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығын анықтаңдар.
VI. Жинақтау. Отын түрлері. (Презентация)
VII. Үйге тапсырма: §10, §11
VIII. Оқушыларды бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.44 Kb |
Количество скачиваний: | 171 |